Терроризм мен діни экстремизмге қарсы жиын өтті



    • Терроризм мен  діни экстремизмге  қарсы  жиын өтті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуын алдын-алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өтті.

      Түсіндіру жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Альфия Айтенова және университетіміздің тұлға қалыптастыру бойынша сонымен қатар менталды денсаулық орталығының мамандары мен коуч-психологтары қатысты.

      Аталмыш шара діни басқарманың нұсқаулығымен «ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» аясында Университет студенттерінің өзге діни ағымдарға еріп кетпеуі, эктремизм мен терроризм құрбаны болмаудың алдын-алу мақсатында ұйымдастырылды.

       Альфия Аманжолқызы өз сөзінде діни экстремизмнің алдын алу бойынша, студенттік ортада этнос аралық қайшылықтарды болдырмауға, әр түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін тәрбиелеу жайында айтып өтті. Сонымен қатар жат ағымдардың жетегінде жүрген азаматттардың қоғамға қауіп тудыратын тұстарына тоқталып өтті. Кездесу отбасы құндылығы, әсіресе қыз бала тәрбиесі, ар-ұят, имандылық қасиеттер төңірегінде өрбіді.

      Келешек кемелін діттеген маңызды іс-шараға университеттің 100-ден аса студенті қатысып, тақырып аясында толғандырған сұрақтар қойып, пікір алмасты.

                 

      Коммуникация және маркетинг департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

       

       

      Бөлісу: