Физика көшбасшысы - 2022



    • Физика көшбасшысы - 2022

      Университетіміздің Физика кафедрасында «Физика ғажайыптар әлемі» атты апталық өтуде. Апталық іс-шараларының аясында кафедраның 1 курс студенттері арасында «Физика көшбасшысы 2022» атты сайыс ұйымдастырылды.

      Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының доценті, Гүлнәзия Түгелбаеваның төрағалығымен кафедра оқытушыларынан және Физика кафедрасының студенттік ұйым басшысы Қарақат Орынбаевадан құралған әділқазы алқасы 1 курс студенттерінен жасақталған ойыншыларға төрелік етті.

      “Бәйге”,“Полиглот”,“Сандар сөйлейді”,“Кім жылдам?”,«Қызық екен» атты сайыс кезеңдерінде студенттер өз білімдері мен тапқырлығын, алғырлығын ортаға салып, шеберліктерін көрсете білді. Білім сайысында бас жүлде және «Физика көшбасшысы 2022» атағын Әлібек Дильназ Мирланқызы, 1 орынды Әбілхан Әдемі Әбдірәсілқызы, 2-орынды Бауыржанқызы Аяулым, 3-орынды Гульжан Абдизакирова жеңіп алды.

      Сайыстың мақсаты студенттердің физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру; Студенттердің шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға етіп қалыптастыру.

      Аталмыш шара 1 курс студенттеріне физика ғылымының қыр сырына үңіліп, жаңа біліммен сусындауына мүмкіндік берді.

      Апталық аясында студенттердің үйірме жұмыстары, әртүрлі ғылыми, жобалар сайысы, интеллектуалды ойындар өткізілмек.

      Бөлісу: