«Білім күні» аталып өтті



    • «Білім күні» аталып өтті

      АЛМАТЫ.  1 қыркүйек. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ –Жаңа  оқу  жылының  басталуына  орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде  біршама  іс  шарлар болып  өтті. Оқу  ордасының  табалдырығын жаңадан аттаған студенттерге  «Қош келдің,  жас  толқын!» атты   мерекелік  іс-шара ұйымдастырылса,  профессор-оқытушы  құрамды  Басқарма Төрағасы  «Білім  күнімен»  құттықтап, 2022-2023 оқу  жылының   жоспарларымен  таныстырды. 

      1 курс студенттеріне  арналған  мерекелік  кеш оқу  ордасының  «Ақ шатыр » жазғы  алаңында  салтанатты  түрде аталып  өтті.  Аталмыш шараға   Университеттің Басқарма Төрайымы – Ректор Гүлмира Қанай, Академиялық қызмет жөніндегі проректор Еркін Нұрсағатқызы, Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Закир Даниярұлы, Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жанар Қасымбекқызы қатысты.

      Биыл 2.5 мыңнан аса мектеп түлектері білім ордамыздың студенті атанды. Бұл көрсеткіш ұстаз  мамандығына деген сұраныс пен қызығушылықтың артқанының, талапкердің таңдауы еліміздегі педагог маманын даярлайтын бірден-бір беделді оқу орны – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне түскені – ұжымыздың орасан еңбегі нің  көрінісі.

      Алғашқы сөз тізгінін алған Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Әмірханқызы жас студенттермен еркін форматта пікір алмаса келе:

      Бразилиялық философ Паулу Фрейренің «Оқу мен оқыту дегеніміз – жаттанды дүниелерді баланың ойына құю емес, оларды өз бетімен ойлануға үйрету, шешім қабылдатып үйрету, өз өмірлеріне жауапкершілік алуға үйрету» деген сөзі бар. Біздің оқытушы ретіндегі басты мақсатымыз бен міндетіміз де осы, – деп атап өтті.

      Басқарма Төрайымынан кейін сөз алған проректорлар қауымы студенттерге университеттің тыныс-тіршілігі, оқу үдерісі, университеттің басты миссиясы жайлы таныстырып, жаңа өмірге аттаған қадамдарына сәттілік тіледі.

      «Ақ шатыр» жазғы алаңына жиналған қалың қауымға жоғары курс студенттері арнайы дайындаған концерттік бағдарламада  Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген әртісі университетіміздің  аға оқытушы Сиқымбаева  Гүлнар Ермекқызы, жас әнші  Дильназ Бредалиева   да  қатысып,  өнерлерін тарту  етті. Мереке соңы студент қыздардың ұранды флешмоб биі мен ән күйіне  ұласты.

      Ауқымды  шарадан соң  профессор-оқытушы  құрамның  басқосу жиыны  болып өтті. Басқарма  Төрағасы бастаған проректорлар құрамы барша  ұстаздар қауымын «Білім  күнімен»  құттықтады. 2022-2023 оқу  жылына  арналған жоспарлармен  таныстырды.  Алдағы  жылға  жаңа  серпін мен  күш-қуат  жинап келген ұстаздар қауымы бір-біріне  деген ізгі  тілектері  арқылы  жаңа  оқу  жылына  жаңа  серпінмен  кіріспек.  

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: