Гендерлік мәселелер төңірегінде тренинг өтті
-
15 тамыз, 2022
АЛМАТЫ. 15 тамыз. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Әлеуметтік және Гендерлік Зерттеулер» Ғылыми Зерттеулер Институты «Гендерлік экономика: гендерлік қатынастар теориясының негізгі түсініктері» тақырыбында офлайн тренинг өткізді.
Тренингтің басты мақсаты–«Гендерлік мәселелерді медиада көтеру арқылы бұқараның біліктіліктілігін арттыру». Жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Қазақстандағы Финляндия елшілігінің қолдауымен жүзеге асырады.
Тренингтің спикері — ӘГЗ ҒЗИ директоры, Қазақстандағы Elsevier тренері Айжан Салимжанова болды. Шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, сонымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері, Factcheck және Abai.kz сайтының журналистері, MediaNet Халықаралық Журналистика орталығынан мамандар қатысты. Тренинг барысында жұмысқа орналасу кезіндегі дискриминация, кәсіптік сегрегация (белгілі бір кәсіпке немесе лауазымға қол жеткізудегі дискриминация), жалақы бойынша дискриминация, гендерлік статистика, гендерлік идентификация сияқты мәселелер талқыланды.
Қатысушылар гендерлік еңбек бөлінісі,Қазақстандағы гендерлік кәсіптік сегрегациядың көрсеткіштері қандай? Неге әйелдердің еңбегі ерлерге қарағанда азырақ төленеді? Гендерлік еңбекақыдағы айырмашылықты болдырмау үшін қандай шаралар қабылдануда? деген секілді сұрақтар төңірегінде қызу талқыланып, жауаптар алынды.
MediaNet Халықаралық журналистика орталығы мен Финляндияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен Университетімізде гендерлік мәселелер тақырыбында тағы да көптеген тренинг сабақтар өткізу жоспарланып отыр. Треингтің өмерзімі мен уақыты жайлы ресми әлеуметтік желілерімізде хабарлайтын боламыз.
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: