QyzPU еліміздің сұранысқа ие жоғары оқу орындары рейтингінде биылғы жылы да алдыңғы қатарда
-
22 шілде, 2022
АЛМАТЫ. 22 шілде. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІі» КЕМ ұсынған - Білім беру бағдарламаларын сандық саралау нәтижелері бойынша, Қазақстан жоғары оқу орындарының Бас рейтингі «ТОП-20» университеттің ішінде 10-шы орында.
Биылғы жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогиалық университетінің І орынға ие болған білім беру бағдарламалары:
МАГИСТРАТУРА БОЙЫНША ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕЙТИНГТЕ
- 7М01 - Педагогикалық ғылымдар
ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БАКАЛАВР білім беру бағдарламаларының топтары бойынша РЕНТИНГТЕ
- 6В013 - Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді дайындау (бакалавриат)
- В003- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- 6В017 - Тіл мен әдебиет мұғалімін дайындау
- B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Магистратура білім беру бағдарламалары топтары бойынша ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІІНДЕ
- М012 Физика мұғалімдерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) М012 Информатика мұғалімдерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)
- 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- 7M017 Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша мұғалімдерді даярлау
- М066 Психология
Сонымен қатар, педагогикалық, педагогика және психология, физика, биология, хореография мұғалімдерін даярлау , мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бағдарламалары бойынша 2-ші орындарға табан тіреп, жақсы көрсеткіш көрсетіп отырмыз. Келесі жылы бұдан да жоғары деңгей көрсетіп, «ТОП-5»- ке шығуды жоспарлап отырмыз.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) 2014 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының сұранысқа ие жоғары оқу орындары рейтингін» өткізеді.
Қазақстан Республикасының сұранысқа ие жоғары оқу орындары рейтингі Берлин принциптерін сақтауға негізделген - ақпарат көздерінің ашықтығы, объективтілігі, тексерілуі және қолжетімділігі; кадрларды даярлаудың бағыттары мен деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын анықтауға бағытталған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың алуан түрлілігін ескереді.
Рейтингтік зерттеу – кадрлардың деңгейлері мен бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау, білім беру қызметтерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүргізіледі және қоғамды білім беру сапасының нарық талаптарына сәйкестік дәрежесі, оқытушылардың танылуы және жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Білім беру бағдарламаларын сандық саралау нәтижелері бойынша
- Қазақстан Жоғары оқу орындарының Бас рейтингі «ТОП-20»
- Қазақстан Жоғары оқу орындарының BA, MA және PhD деңгейлері бойынша кадрлар даярлау бағыттары бойынша рейтингі
- BA, MA және PhD деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының рейтингі
- Қазақстанның «ТОП-50» ЖОО оқытушыларының рейтингін жарияланады.
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: