Құжаттар қабылдау басталды



    • Құжаттар қабылдау басталды

      АЛМАТЫ. 12 шілде. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ –  Құрметті ТАЛАПКЕРЛЕР! 2022 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасатынын хабарлауға асықпыз!

      Құжаттарды қабылдау Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің   қабылдау  комиссиясы  арқылы   арқылы жүзеге асырылады.

      Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиясы  жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді.

      Виртуалды  комиссия мүшелерінің  байланыс  құралдары  төмендегі  сілтемеде

      https://kazmkpu.kz/kz/a/news/1101-virtualdi-abildau-komissiyasi-zhmis-zhasajdi-

      Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар қажет:

      • жеке куәлік;
      • ҰБТ сертификаты;
      • 3х4 көлеміндегі фото;
      • орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом);
      • № 075/у нысанындағы медициналық анықтама және № 063/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;
      • ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;
      • жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.

      Естеріңізге сала кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады.

      Дұрыс таңдау жасап, грант иегері атануларыңызды тілейміз!

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  қабылдау  комиссиясының  байланыс  телефондары:

      +7 (727) 237 00 77

      +7 (727) 237 00 65

      +7 (727) 233 18 52

      +7 (727) 237 00 61

      Мекен-жайы: Алматы қаласы, Айтеке би көшесі  99 (Кіру есігі университет  кітапханасы жағында)

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: