QYZPU-дың үздік түлектеріне дипломдар табысталды



    • QYZPU-дың үздік  түлектеріне дипломдар табысталды

      АЛМАТЫ.  11 шілде. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті  үздік студенттеріне  дипломдар табыстады. Биылғы жылы оқу орнын 491 студент үздік дипломмен аяқтап отыр. Оның 126-сы магистр дәрежесін алса, 365-і бакалавр дәрежесіне ие болды.

      Диплом табыстау рәсіміне директорлар кеңесінің Төрағасы Омархан Нұртайұлы, Басқарма Төрағасы — Ректор Гүлмира Әмірханқызы және Академиялық қызмет жөніндегі проректор Жұманқұлова Еркін Нұрсағатқызы, Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Джумакулов Закир Даниярұлы, Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Рысбекова Жанар Қасымбекқызы қатысып, бітіруші  түлектерді  құттықтады.

      Таңғы  сағат 8:30-да   Шәріпов  көшесінде  орналасқан оқу орнының  9 студенттер үйінен бас  корпусқа  қарай  бағытталған академиялық шеруді    Университеттің   Басқарма  Төрағасы  мен  топ  менджмент құрамы   бастап   шықты.   Сән салтанаты  жарасқан, арнайы  академиялық үлгіде киінген қыздардың  жүздері бал-бұл жайнап,  4 жыл білім  нәрімен  сусындатқан оқу  орнының  Бас  корпусына  келіп,  Басқарма  мүшелері  мен  және  институт  басшыларымен  естелік  суретке  түсті.

      Ары  қарай  «Ақ шатыр» жазғы  алаңында  жалғасқан  диплом  беру  рәсімі  жалғасты.

      «Бүгін сіздер  университет  қабырғасынан 4 жыл бойғы  кәсіптік жиған білімдеріңіздің қорытындылап, еңбек  жолына  бетбұрыс  алатын сәтке  келіп отырсыздар. Елімізге  қызмет етуге  бастап  жатқан қадамдарыңыз құтты  болсын! Университет  мүмкіндігінше  сіздерге  үлкен  кәсіптік  деңгейін  молынан берді  деп  білемін. Университет  оқытушыларының  алған  дәрістеріңізді енді  біздің  еліміздің  болашағы  балаларымызға,  мектеп  оқушыларына  беретін сәттеріңіз келді.  Сіздердің  мүмкіншіліктеріңіз зор. Сіздерге  артатын үміт те мол. Еліміздің  жастарын білімге, ашық өмір сүруге  жол беретін жандарсыздар.  Ұстаздың  міндетін әрқашан да үлкен  болған.  Ұстаз болу  оңай  емес. Өздеріңіз таңдаған ұстаздық жолына  адал болып,  нағыз ұстаз атануларыңызға  тілектеспін! Айналайын,  қыздарым! Әрқайсыларыңыздың  жолдарыңыз ашық болсын! Сәттілік  сіздерге!» – деп  ақсақалдық ақ батасын берген Омархан Нұртайұлының  тілегін бітіруші  түлектер ыстық ілтипатпен  қабыл алып,  қошемет  білдірді.

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  2022 жылғы  түлектері,  ата-аналар, барлықтарыңызды  осы  бір айтулы,  маңызды  күнмен  шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге  арналған ұстаздық,  әріптестік ақ тілегімді,  ақыл-кеңесімді  қабыл алыңыздар. Біріншіден,  армандаңыздар.  Арман асқақ болу  керек,  ал  оған жету жолындағы  қадамдарыңыз аз-аздан нақты  болу  керек. Әрбір жетістіктің  артында  жүйелі  жоспар мен адал еңбектің  жататынын ұмытпаңыздар. Елімізді  әлемге  паш еткен нәзік  жандар  оның  ішінде  өзімізге есімі  мәлім  самал ислямова, Феруза  Шарипова, Жансая  Әбдімәлік, Мария Мудряк  және  еліміздің  намысын Лондонда  қорғаған Елена  Рыбакина  да  өздерінің  ұлы  жолдарын кішкентай  қадамдардан бастаған. Келешек  ұстаз ретінде  біз адам  жанының  инженеріне   айналғалы  тұрмыз.сол себептен алдымызға келетін оқушыларымызды  көнбіс  емес,  армандай  алатын тұлға етіп тәрбиелеуіміз өте  маңызды. Өйткені  сол арқылы  біз елімізге  инаваторлар мен  шығармашыл азаматтарды  бере аламыз», – деп болашақ педагогтерге армандап қана  қоймай,  әрекет етуге, бірлікте  жұмыс жасауға, өз ісіңізге  деген қызығушылықты  арттыруды, өмір бойы  білім  алудан тынбауға,  қоғамдық мәселелерде  белсенді  болуға  жетелеген 7 қадамнан тұратын жалынды  да  құнды  ақыл кеңесімен  бөлісе келе:

      «Еліміздің  келешегі  ұстаздардың  қолында. Сол себептен барлықтарыңызға  осы  өмірлік  жолда  тек  сәттілік  тілеймін. Тек  алға! Тек  алға!» деп  жалынды  да  жігерлі  сөзімен  аяқтады  өз сөзін  Гүлмира  Әмірханқызы.

      Келесі  құттықтау   сөзін білдіру үшін сахна төріне Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің және Миссисипи университетінің «Ағылшын білім беру» саласындағы бакалавры, Назарбаев университетінің магистрі Сундетова Ляззат сөз сөйлеп,  лебізін білдірді.   Сонымен  қатар, 2022 жылдың түлектері Аманғалиева Назерке мен  Садық Ақниет, Бақытжанқызы Талшын, Лаханова Бақытжамал,  Айтбердиева Айбике де  Университет  басшылығы  мен  ұстаздарына, бітіруші  түлектерге  құттықтау  сөздерін арнады.

      Әрі  қарай  мерекелік  шара  әрбір студенттің  қолына  диплом  табыстау  рәсімімен  жіне  концерттік  бағдарламамен  аяқталды.  Барша Қақаз ұлттық қыздар педагогикалық университтетінің  үздік  диплом иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз.

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: