Референдум ел тарихында елеулі орын алғалы тұр



    • Референдум ел тарихында елеулі орын алғалы тұр

      АЛМАТЫ. 26 МАМЫР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу  туралы бүкілхалықтық референдумын түсіндіру жұмыстарына  арналған онлайн  конференция ұйымдастырылды. 

      Онлайн  конференцияның  модераторлық қызметін  «Аманат» партиясы «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының атқарушы хатшысы Алиби Несіпбаев атқарды.

      Басқосуды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Жанар Рысбекова ашып беріп, «Саяси реформа – іргелі істер бастауы» тақырыбында білім алушыларға сөз қозғап, алда өтетін тарихи шараның маңыздылығына тоқталды. Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі, т.ғ.д., профессор Берекет Кәрібаев «Референдум – демократияның бір тетігі» тақырыбын тарқатып, референдумның ел болашағының дамуы мен халық өміріне әкелер өзгерістерін атап өтті. Ал Алматы қалалық мәслихат депутаты Асия Айканова референдум арқылы енгізілетін толықтырулар мен өзгерістерді айта келіп: «Алдағы референдум – мемлекетімізді жетіл­ді­руді, жаңғыртуды және нығайтуды көз­дей­ді. Сондықтан халық осы мүмкіндікті құр жібермей, 5 маусым күні дауыс беруге қа­тысуы тиіс. Референдум нәти­жесі ха­лық шешімі болмақ. Сонысымен де ол ел тари­хында лайықты орын алары даусыз», – деп өз сөзін аяқтады.

      Сондай-ақ аталмыш жиынға ҚР Ұлттық ұлан Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы Әскери тәрбие бөлімінің басшысы Ә. Әбдіғалиева, «Аманат» партиясы Алмалы аудандық филиалының кеңесшісі Еңлік Бектұрғанова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, т.ғ.д. Ақмарал Қожабекова, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнагүл Умбеталиева, «Рухани жаңғыру» кеңсесінің маманы Жұлдызай Абдуманапова және Қыздар универститетінің білім алушылары қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Студенттер спикерлерге референдумға байланысты сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: