Референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді



    • Референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

      АЛМАТЫ. 24 МАМЫР. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ – 5 маусым өтетін бүкілхалықтық референдумды түсіндіру жұмыстарына  байланысты Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде  кезекті жиын өтті. Түсіндіру жұмысын жүргізуге  Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары Есенгелді Талбидинов,  Әсия Ақанова және журналист Ерғанат Көпжасар арнайы келді.   Жиынға  Университет  басшылығы  мен  оқытушылар,  студент  жастар мен БАҚ өкілдері де қатысты.

      Жиынды  әдеттегідей  Басқарма  Төрағасы  Гүлмира  Әмірханқызы ашып,  референдумның  маңыздылығына  қысқаша  тоқталып, жиылған қауымды  қонақтармен  таныстырып,  алғашқы  сөз кезегін журналист Ерғанат Көпжасарға  берді.

      Референдумдағы  ең  үлкен  өзгеріс – парламент  сайлауының  можаритарлық және  пропарционалдық жүйеге ауысуы... Яғни референдум екі  үлкен  таңдау  жасауға  мүмкіндік  беріп отыр. Сонымен  қатар, жер және  жер қойнауы су  және  өсімдіктер,  жануарлар  дүниесі  басқа  да  ресурстар халыққа  тиесілі  екендігі  туралы  норма  нақты және кесімді  түрде  бекітілген. Бұл қуанышты  жаңалық.  Жақсы  өзгеріс. – деді өз сөзінде Ерғанат  Көпжасар. 

      Модераторлықты өз  тізгініне  алған университетіміздің  Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры  Жанар Қасымбекқызы алып, келесі сөз кезегін мәслихат депутаты Әсия  Ақановаға берді. Ол өз кезегінде жастарға  кез-келген саяси жүйедегі  өзгерістерден  шет қалмай  ат салысу – азаматтық борыш екендігін,  сонымен  қатар ешқандай  өзгеріс бірден бола қоймайтындығын, әрбір реформа  алғаш аттаған нақты  қадамдардан басталатынын тілге  тиек етті.

      Тарихымызда  бірінші  рет халықтық референдум  жасалып отыр.  Біздің  негізгі  заңдық құралымыз – Ата  заң .Конституцияны  дұрыс  бағытта  өзгерпей, жаңа  реформалар мен  саяси реформаларды  жасай  алмаймыз деген Есенгелді Талбидинов әсіресе референдумның  экономикалық реформалар жасауға көп  мүмкіндік  беріп отырғанын мысалдармен  нақты  дәлелдеп  берді.

      Жан-жақты  түсіндірмелер жасаған спикерлер  «референдум» сөзінің жалпы ұғымын, Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріп,  Жаңа Қазақстан құрудағы нақты қадамның  маңыздылығын барынша  түсіндіріп,  жиылған қауымды  5 маусымда  болатын референдумға  бірауыздан қатысуға  шақырды.

      Жиын соңы студенттердің референдумға қатысты сұрақ-жауап, пікір алмасуына ұласты.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: