«Білім шыңы - 2022» Республикалық пәндік олимпиадасының жеңімпаздары анықталды
-
20 мамыр, 2022
АЛМАТЫ. 20 МАМЫР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқушыларға арналып ұйымдастырылған физика, математика және информатика пәндері бойынша «Білім шыңы - 2022» атты Республикалық пәндік олимпиадасының жеңімпаздар тізімі анықталды.
Естеріңізде болса, QyzPU-да өткен Ғылым апталағының аясында Физика, математика және цифрлік технологиялар институтына қарасты физика, математика және информатика пәндері бойынша 10-11 (12) сынып оқушыларына арналған «Білім шыңы - 2022» атты Республикалық пәндік олимпиадасы өткен болатын.
Олимпиаданың физика пәні бойынша қатысушылар саны 46 оқушы тіркелген еді. Соның ішінде, физика пәні бойынша І кезең онлайн тест тапсыруға ZOOM.US платформасына 21 оқушы қатысты. Тест онлайн түрінде өтіп, тестке жалпы 20 сұрақ беріліп, әр сұраққа 1 баллдан қойылды.
І кезең нәтижесі бойынша 11 оқушы ІІ кезеңге жолдама алған болатын. ІІ кезеңде Физика пәні бойынша 10-11 (12) сынып оқушылары үшін олимпиаданың комиссия төрағасы және мүшелерінің шешімі және жоғарыдағы балл қосындысы бойынша 1, 2, 3 жүлделі орындарына төмендегі оқушылар ие болды.
- 1-орын Нұрғазы Алуа №24 лицей оқушысы;
- 2-орын Аманбекова Аружан №24 лицей оқушысы;
- 3-орын Аусунахун Перизат "Сарыбұлақ орта мектебі МДШО" КММ оқушысы.
Математика пәні бойынша 10-11 (12) сынып оқушыларына арналған «Білім шыңы-2022» олимпиадасының І - кезеңіне 23 оқушы қатысты. Ал ІІ-кезеңге 7 оқушы өтті. Екі кезең қорытындысы бойынша төмендегідей нәтиже көрсетілді.
- 1-орын Керемқұл Бақыт - Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылы № 11 орта мектебі
- 2-орын Нұрболқызы Фариза - Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сұраншы Сауранбаев атындағы орта мектебі
- 3-орын Нуржанова Зарина – Назарбаев зияткерлік мектебі, Шымкент қаласы.
10-11 (12) сынып оқушыларына арналған «Білім шыңы - 2022» атты республикалық пәндік олимпиадаға Информатика пәні бойынша қатысушылар саны 44 оқушы тіркелген. Соның ішінде, информатика пәні бойынша І кезең онлайн тест тапсыруға ZOOM.US платформасына 20 оқушы қатысты. Тест онлайн түрінде ұйымдастырылды, жалпы 20 сұрақ беріліп, әр сұраққа 1 баллдан қойылды. І кезең нәтижесі бойынша 9 оқушы ІІ кезеңге жолдама алған. ІІ кезеңде Информатика пәні бойынша 10-11 (12) сынып оқушылары үшін олимпиаданың комиссия төрағасы және мүшелерінің шешімі және жоғарыдағы балл қосындысы бойынша 1, 2, 3 жүлделі орындары төмендегі оқушыларға берілді.
- 1-орын Балтабаева Назира - Алматы қ., №15 гимназия;
- 2-орын Махамбетқызы Мадина - Алматы қ., №24 лицей;
- 3-орын Шындали Ұлдана – Алматы қ., №92 лицей.
Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз! Болашақ талапкерлерді өз университетіміздің студенті ретінде көргіміз келетінін жеткіземіз.
МЕДИА
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: