QyzPU басшылығы студенттерге 2021-2022 оқу жылының қорытынды есебін берді



    • QyzPU басшылығы  студенттерге  2021-2022  оқу  жылының  қорытынды  есебін берді

      АЛМАТЫ. 19 мамыр. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  Басқарма  Төрағасы – Ректор Гүлмира Әмірханқызы Қанай мен бір топ  проректорлар құрамы студенттерге  2021-2022 жылғы  оқу  жылының  қорытынды  есебін берді.

      Қорытынды  есепке Университеттің   Басқарма  Төрағасы  – Ректор Гүлмира Әмірханқызы, Академиялық қызмет жөніндегі Проректор - Басқарма мүшесі Жұманқұлова Еркін Нұрсағатқызы, Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Проректор Жұмақұлов Закир Даниярұлы, Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі Проректор Рысбекова Жанар Қасымбекқызы, инфрақұрылымдық даму жөніндегі Проректор  Жақсылық Сапаргелдіұлы Абдрашев қатысып, студенттер мен оқытушыларға  бір жылдық оқу  жылында  өз саласы  бойынша жеткен  жетістіктерді  саралап,  келесі  оқу  жылына жасаған жоспарларымен  бөлісті.

      – Университет  көптеген халықаралық рейтінгтерге қатысып келеді.  Бәрімізге  мәлім,  рейтинг   бұл – университет жұмысының  көрсеткіші. Қазақстандық,  әлемдік  деңгейде  2019 жылы  Университтетіміз үздіктер қатарында болса,  2020 жылы  көрсеткіштерін одан жоғарылатты. QS World University Rankings атты  халықаралық рейтинг жүйесінің  мүшесі  атанып келеміз. Сонымен  қатар тағы  бір халықаралық Times Higher Education   рейтинг жүйесіне  қатысу  жоспарлануда –

      деп   өз сөзін  университеттің  халықаралық деңгейдегі көрсеткіштеріне  баға  беруден  бастаған Басқарма  Төрағасы –   Гүлмира  Қанай  ары  қарай   өз презентациясында  оқу  бағдарламаларымыздың   аккредитациядан сәтті  өткендігін  хабарлады. 

      Биылғы  жылы  университетімізде  8 мыңнан аса  студент  білім алды.  Оның  90% бакалавриат,   5% коледж, 4%  магистратура, 1% докторантураға  түскен  студенттер құрайды. Сонымен қатар, биылғы  жылы  былтырғымен  салыстырғанда  оқуға  түскен  студенттер саны  да екі  есеге артқан.

      Университтеттің   халықаралық қатынастар жүйесі  де  артып,  әлемнің  23 елдің  70-тен аса  университетімен  келісімшартқа  отырып,  бүгінгі  таңда  әлемнің  бірқатар оқу орындарында  студенттеріміз білімін жетілдіріп келді. Жақында  әлемдік  білім  беру  жүйесінде  үздіктердің бірі  болып саналатын Гонконг білім  беру  университетімен  де  келісім  шартқа  отыру  жұмыстары  қарастырылуда. 

      Басқарма  Төрағасы  өз есебінде мектепке  дейінгі  13 білім  ордасы, 39  жалпы  білім  беретін мектептер мен  жекеменшік   мектептермен серіктестік  орнатып, келер жылда  университеттің  инфоқұрылымы мен  оқу  бағдарламаларына  жаңартуларының енгізілу мақсаттарын атап өтті.

      Сонымен  қатар, Басқарма  Төрағасы  студенттерге  сессия  кезіндегі  заң  бұзушылықтар мен  пара алу,  сый-сияпат  беру  секілді жемқорлық әрекеттерге қарсы  болуды,  заң  бұзушылықтар болған жағдайда  университетте  Комплаенс орталыққа  хабар беру  жөнінде  де  құлағдар етті.

      Соңғы  түйін сөзінде  Ректор  еліміздегі  Конституциялық өзгерістерге  тоқталып,  5 маусым  өтетін  Референдумға  дауыс  беруге  шақырып,  Референдумның  мән-маңызын толықтай  түсіндіріп өтті.

      Есеп  беру  кеші  ары  қарай  әр сала  проректорларының  жеке - жеке  презентациялық  қорытынды  есеп берулерімен  жалғасты. 

      Академиялық қызмет жөніндегі проректор  Еркін Нұрсағатқызы студенттерге  академиялық ұтқырлық жайлы,  біздің  оқу  бағдарламаларымыздың  әлемдік  деңгейге  сай  дамуын қамтамасыз етуге  басым  бағуыт  беруді  атап  өтті.  Сонымен  қатар студенттерге   біліммен  бәсекелесу  қазіргі  заман талабы  екенін,  білім алуда әркім  өз жауапкершілігін жоғары  қою керектігін басты  назарға алды. 

      Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Закир Даниярұлы биылғы  жылы  халықаралық қатынастарға  мән беріліп,  маңызды  мемарандумдарға  қол қойылғандығы  жөнінде  хабарлады.   Кітапхана  қорының  артуына  басты  назар аударылғанын атап өтті.  Биыл кітапхана жаңа  оқулықтармен  толығып ,  келесі  жылы  да  осы  үрдіс  жалғасын табатындығын атап  өтті.  Сонымен  қатар,  студенттердің  ғылыми үйірмелерге  қатысып,  жаңа  жобалармен  жұмыс  істеу бағыты арттатынын айтты.

      Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жанар Қасымбекқызы басқарып отырған  сала ауқымы  кең.  Тікелей  студенттердің  тәрбиесіне,  әлеуметтік  жағдайына,  жеке  дамуына баса  назар аударатын бөлім жұмысы күн сайын қайнап  жатады. Студенттік ұйымдар мен  олардың  жетістіктерін Жанар Қасымбекқызы  сахнаға  арнайы  қойылған жүлделі  дипломдар мен,  алғыс хатардан,  ақшалай сертификаттардан-ақ байқауға  болатынын жеткізді.  Сонда  да  әр ұйымға,  әр орталыққа  жаңадан  тың  идеяларын ортаға сала алатын студенттерді тартып, жаңа студенттік  ұйымдар құру бағытын  айқындады.

      Инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор Жақсылық Сапаргелдіұлы университетіміздің «Аққу» бассейнінің  күрделі  жөндеуден өтіп,  қолданысқа  берілгенін,   әр жатақханада оқу бөлмелері ашылып, кеңінен таралған кітаптармен  толыққанын,  қауіпсіздік  шаралары  үшін   тікелей қосылған қосымша камералар орнатылып, құрылғылар мен лабораторияларды жаңарту мақсатында мемлекеттік қаржыландыру жоспары дайындалғандығын және  «Ұлпан» асхананың орнына жаңа жатақхана салуға Инвестор шақырылғандығынан хабардар берді. 

      Қорытынды  есеп  беру  кеші  студент ректоры Аңсаған Жұбатай есеп  беру презентациясымен  және  студенттердің  университет басшылығына  қояр  сұрақтары  мен  ұсыныс  пікірлері айтылған пікірталас  жиынына  ұласты.  Студенттер де  өз ойларын ашық жеткізіп,   білім алып жатқан оқу  ордасының білім  үдерісіне,  студенттік  ұйымдардың,  жатаханадағы  әл-ауқаттарының,  оқу  процесі кезіндегі  жан-жақты  дамуына  өз идеяларын қосты.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: