18 мамыр – Халықаралық музей күні
-
18 мамыр, 2022
АЛМАТЫ. 18 мамыр. Баспасөз орталығы – Бүгін, 18 мамыр — Халықаралық музейлер күні. Атаулы күнге орай, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Аqtumar» музейінде ашық есік күні болып өтті.
1978 жылдан бастап әлем елдерінің музей қызметкерлері 18 мамыр күні өздерінің кәсіби мерекесі «Халықаралық музейлер күнін» атап өтеді. Кеңестік кезеңде мереке ресми түрде 1977 жылы Мәскеу қаласындағы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІ Бас конференциясында бекітілген болатын.
Ал бірінші болып түнгі мезгілде 1997 жылы Германия музейлері келушілерге өз есіктерін ашқан екен. 2005 жылы француздар «Музей түні» халықаралық музей акциясын жыл сайын өткізіп тұру туралы өз пікірлерін ұсынды. Осы жылы Еуропа Кеңесі аталған ұсынысты бекітті. 2006 жылы әлемнің 38 елінің 2 мыңнан астам музейлері «Музей түні» жобасының қатысушылары болды. Осы жылы «Музей түні» халықаралық акциясына Қазақстан елі де қосылды. Қазақстандағы «Музей түні» мерекелік шарасын алғашқылардың бірі болып ҚР Мемлекеттік орталық музейі ұйымдастырды.
Айтулы күнге орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Аqtumar» тарихи-этнографиялық музейі де ашық есік күнін ұйымдастырып, № 15 гимназияның 60-қа жуық оқушысы өз жетекшілерімен келіп, музей қорында сақталған оқу орны ашылған уақыттан бастап сыр шертетін жәдігерлер мен сирек фотосуреттерді тамашалды. Атап айтқанда, Қыздар Университетінің қалыптасуы, дамуында еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ректорлардың еңбектері, білім ордасының даңқты түлектері туралы ақпаратпен қанықты.
«Аqtumar» тарихи-этнографиялық музейі 2002 жылдың қараша айында құрылды. Осы уақытқа дейін университетке келген шетелдік қонақтар, елімізге елімізге белгілі атақты тұлғалар музейді тамашалап, қолтаңбаларын қалдырған.
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: