Кәсіптік білім саласы бойынша республикалық олимпиада өтті



    • Кәсіптік  білім  саласы  бойынша   республикалық олимпиада  өтті

      АЛМАТЫ. 12 мамыр. Баспасөз орталығы. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,  Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты «Кәсіптік білім» кафедрасының ұйымдастыруымен 6B01404 (5B012000) – «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша Жоғары оқу орындары студенттерінің онлайн форматта ХIV Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

      Аталмыш республикалық пәндік олимпиада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде алғаш рет өткізілді.  Биыл «Кәсіптік білім» кафедрасының ашылғанына 30 жыл толмақ. Осы  айтулы  кезге дөп келген олимпиаданың  мақсаты көркем білім беру үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды жүзеге асыру, кәсіби шығармашылық іскерліктерін дамыту, болашақ мамандардың дарындылық қабілеттерін анықтау болып табылады.

      Олимпиадаға  еліміздің оңтүстік,  солтүстік және  Жетісу аймағынан  және Алматы  қаласынан 10 команда  сайысқа  түсті.

      ІІІ турдан тұратын сайыс ережесінде  командалар теориялық-тестілеу, практикалық тапсырмаларды орындау, кәсіптік оқыту саласына байланысты ғылыми жоба қорғау арқылы додаға  түсті. Ғылыми жобаны қорғау тікелей онлайн - бейнетрансляция арқылы арнай комиссия мүшелерінің қабылдауымен және комиссия мүшелерінің дауыс беруі арқылы жүргізілді.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогогикалық университетінің  педагогика  ғылымдарының  кандидаты  Нүрзия Рахметова Төрағалық  еткен  әділқазы алқалары  сайыскер  топтардың  креативтілігіне, инновациялық, ақпараттық технологияларды пайдалануына, шығармашылық идеясына, тапқырлығына, білім деңгейіне, тез шешім қабылдай білу қасиеттеріне  қарай  бағалап,  қорытынды балл командалардың әр турдағы жинаған балдарының нәтижесі бойынша шығарылды.

      Сайыс  нәтижесі  бойынша Түркістан қаласы,  Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Атамұра» командасы І дәрежелі дипломды  иеленсе,  Шымкент қаласы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Өркен» командасы және Тараз қаласы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Көркем өнер» командасы ІІ дәрежелі дипломға ие  болды. ІІІ дәрежелі диплом Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ұмай» командасы мен  Астана қаласы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Аграрка сарбаздары» командасы және Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Ұрпаққа аманат» командасына бұйырды.

      «Үздік жоба» номинациясы бойынша дипломдармен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті «СуперАльфа» командасы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Бірлік» командасы, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті «Драйв»  командасы марапатталды. «Тігін бұйымдарын конструкциялау» номинациясы бойынша диплом Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Бірлік» командасы және «Сызба геометриясы» номинациясы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Тамсандырған ертең» командасына берілді.

      Барлық команданың  жетекшілері  Алғыс  хатпен  марапатталды. Қонақтар Онлайн олимпиаданы ұйымдастырушы комитет пен кафедра ұжымына жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді

      «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша ЖОО студенттерінің арасында өткен ХІV Республикалық онлайн пәндік олимпиада жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: