«Балалар жылына» арналған көрме өтті
-
29 сәуір, 2022
АЛМАТЫ. 29 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту орталығы және Студенттермен жұмыс жүргізу бөлімінің ұйымдастыруымен «Бос орындар жәрмеңкесі—2022" аясында, биылғы «БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА» орай студенттер арасында қолөнер көрмесін өткізді.
КӨРМЕНІҢ МАҚСАТЫ:
Студенттер арасында шығармашылық ынтымақтастықты қалыптастыру, барлық студенттерді университеттің қоғамдық өміріне тарту.
Көрмеде Қолөнер бұйымдары таныстырылып, медиа ресурстарды пайдалану бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.
Көрмеге инклюзия және арнайы білім беруді дамыту орталығында білім алатын ерекше балалардың ата-аналар клубы да қатысты.
Көрмеге арнайы келген тұтынушыларға студенттер мен оқушылардың қолөнер заттары ұсынылды.
МЕДИА
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: