12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні



    • 12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні

      АЛМАТЫ. 12 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Бүгін, 12 сәуір ғылым қызметкерлерінің күні аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде  «Ғылым апталығы» ашылды.

      Оқу орнының ғылыми әлеуетін дамыту мақсатындағы іс-шара 22 сәуірге дейін жалғаспақ.

      Апталық Университеттің ғылыми-профессор оқытушылар құрамын 12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күнімен құттықтап, «Университеттің үздік ғалымы», «Университеттің үздік  жас ғалымы», «Үздік институт», «Үздік кафедра» аталымдары бойынша марапаттауымен  ашылды.

      Апталық аясында шетелдік және отандық жоғары оқу орындары ғалымдары мен ізденушілерінің қатысуымен 30-дан астам түрлі бағыттағы жиындар ұйымдастырылады. Олардың қатарында халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, жас ғалымдар арасындағы байқаулар, семинарлар мен тренингтер, шетелдік сарапшылардың  дәрістер сериясы, кездесулер ұйымдастырылу  жоспарлануда.

      Сонымен  қатар,  профессор ғалымдардың нанотехнология, ғылым дамуындағы   кітапхана  рөлі тақырыбында және  Университет  Ректоры  Гүлмира  Қанайдың тақырыптық талдау  workshop- тары  өткізілмек.

      «Ғылым апталығы» аясындағы іс-шаралар қатарында  студенттік «IQ-Аламан интеллектуальды сайысы, «А. Байтұрсынұлы -2022» мектеп оқушыларына арналған онлайн олимпиада өткізілмек. 

      Апталықтың аясында «Әлеуметтік трансформация жағдайындағы университеттер: білім беру мен психологиядағы эмпирикалық зерттеулер» тақырыбында  өтетін Халықаралық ғылыми конференцияның орны  бөлек.  Конференция тұлға психологиясы, инклюзивті білім беру, практикалық психология саласындағы зерттеушілердің, оқытушылардың, студенттердің, мамандардың бірігуін қамтамасыз етуге мақсат  тұтады.

      «Ғылым апталығы» аясындағы іс-шаралар жоспарымен толығырақ мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: