«Ғалым еңбегі өлшеусіз» атты ғылыми семинар өтті.



    • «Ғалым  еңбегі  өлшеусіз» атты  ғылыми семинар өтті.

      АЛМАТЫ. 11 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ. Қыздар педагогикалық университетінің  профессоры  педагогика  ғылымдарының  кандидаты  Кенжехан Тұрапбекқызының  60 жылдық мерейтойына  орай   «Ғалым еңбегі өлшеусіз» атты  ғылыми-семинар өтті.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Жалпы және әлеуметтік педагогика кафедрасы ұйымдастырған  ғылыми семинар  бағдарлама көшбасшысы профессор Мейрамгүл Бұлақбаеваның «Ғылым жолындағы белестер» тақырыбындағы баяндамасымен басталды.  Семинарға мерейтой  иесінің ғылыми жетекшісі, профессор Төкен Қонысбайқызы қатысып, шәкіртінің ғылым жолындағы, ізденуші ретіндегі жүріп өткен жолынан естеліктер айтып, сүйікті шәкіртіне ыстық лебізін білдірді.

      Ұстаз-ғалымның республиканың түкпір-түкпірінде қызмет жасап жүрген шәкірттері ғалым, профессор Толқын Әуелғазина, айтыскер ақын, ғалым Серікзат Дүйсенқазы, Іңкәр Сабитова, опера әншісі Ғабдуллина Жұпар, әнші-сазгер Салықов Медет онлайн бейне түсірілім жазып, құттықтаса, бірнеше жыр жинақтарының авторы,  ақын Асхат Сүйіндіков ұстазына өлең жырларын арнады.

      Кафедра ұстаздары Баян Қылышпай мен PhD Динара Садырбекова ұлағатты ұстаздарының зерттеу бағыттарының өлшеусіз еңбегінің жемісі ретінде бірі әріптесі, екіншісі шәкірті ретінде ғылыми баяндамаларын жасады.

      Медеубаева  Кенжехан Тұрапбекқызы  оқу  ордасы  2013-2014 жылдары  Қазақ мемлекеттік  қыздар педагогикалық университеті  болып тұрған шақта  Жалпы  педагогика кафедрасында   «Қазақ мектебін  дамыту мәселелері» зертханасында  аға ғылыми  қызметкер  болды.  Ғалымның   университет  қабырғасында  білім  алып жатқан студенттер үшін жасаған еңбектері  мен  қосқан үлесі  өлшеусіз. 36 жылдық тәжірибесі  мен шығармашылығының  арқасында  қаншама  шәкірт тәрбиелеп,  үлгілі өнегесімен  бөлісіп келеді.   

      Кенжехан Тұрапбекқызын  асқаралы  60 жас  мерейтойымен  шын жүректен құттықтаймыз!

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: