«Міндетті үш жылдық өтем» тақырыбында онлайн-кездесу өтті



    • «Міндетті үш жылдық өтем» тақырыбында онлайн-кездесу өтті

      АЛМАТЫ. 7 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Университетте 2022 жылғы педагогикалық және басқа да мамандықтар, ауылдық квота бойынша мемлекеттік білім грантында бітіруші курс студенттерімен онлайн кездесу өткізді.

      Мансап, жұмысқа орналастыру және түлектермен жұмыс бөлімі ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Ақзира Серікқалиқызымен бірлесіп кездесу ұйымдастырылды.

      Кездесудің өзектілігі «білім туралы» ҚР Заңының 47-бабы 17-тармағының талаптарына, ҚР Үкіметінің 30.03.2012ж. №390 қаулысымен бекітілген жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес жас мамандар мен PhD философия докторларына мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушыларға міндетті түрде өтеу жүктелгендігінде.

      Шара барысында Ақзира Серікқалиқызы міндетті үш жылдық жұмыс бойынша мәселелерді түсіндірді, солардың қатарында, ауылдық квота бойынша оқыған педагогикалық мамандықтардың түлектері меншік нысанына қарамастан ауылдық жерлерде орналасқан білім беру ұйымдарында жұмысы туралы айтылды.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған педагогикалық мамандықтардың түлектері білім беру ұйымдарында жұмыс істейді. Атап айтсақ, мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ жеке білім беру орталықтары, балалар даму студиялары, жеке мектептер және басқа да ұйымдар болуы мүмкін.

      Университеттің басқа мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған бітірушілер алған мамандығына қарамастан, кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда тиісті мерзімде жұмысты өтейді.

      Онлайн-жиынға қатысушылар өздерін толғандырған барлық сұрақтарбойынша толық ақпарат алды.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: