«Өнер арқылы тұрақты даму мақсаттарын алға жылжыту» халықаралық шығармашылық симпозиумының ашылуы өтті
-
31 шілде, 2024
Шараның мақсаты: тұрақты даму мақсаттарымен халықаралық ынтымақтастық кәсіби өнер аймағын құру және нығайту, дарынды білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету .
Симпозиумға Италия, Корея, Венгрия, Словакия, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен талантты қылқалам шеберлері шақырылды.
Ашылу салтанатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай сөз сөйлеп, алыс-жақын елдерден келген қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдіре отырып, сәттілік тіледі.
Пленарлық секцияда Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жанар Рысбекова, ҚР Суретшілер Одағының Төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, Бансомдетчаопрайя Раджабхат Университеті, көркем білім кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы Suriwan Sutham, Қырғызстан халық суретшісі, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің профессоры Юристанбек Шығаев, Латвия мемлекетінің Суретшілер одағының мүшесі, профессор Karine Paranyanc отандық және шетелден келген өзге де сурет өнері майталмандары сөз сөйледі.
Концерттік бағдарламадан кейін университеттің 80 жылдығына арналған «Тұрақты даму» орталығының ашылуы өтті. Семинарлық сабақта Суретші одағының мүшесі, профессор Karine Paranyanc «Стандарттан тыс мұражайдың ақ жәшігінен мультимедиялық көрмелер» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді. Сондай-ақ Тракья университеті өнер факультетінің профессоры Melihat Tuzun «Заманауи өнер саласындағы көркемдік білім және инновациялық технологияларды қолдану» шеберлік сабағын өткізді.
Бөлісу: