2023 жылдың 13 маусымында Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде, «БҰҰ Әйелдер» ұйымының қолдауымен, Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер орталығымен бірлесіп, Университеттің Ғылыми кітапханасында Гендерлік теңдік бұрышының салтанатты ашылу рәс



    • 2023 жылдың 13 маусымында Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде, «БҰҰ Әйелдер» ұйымының қолдауымен, Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер орталығымен бірлесіп, Университеттің Ғылыми кітапханасында Гендерлік теңдік бұрышының салтанатты ашылу рәс

      Жобаның негізгі мақсаты – бес басым бағытқа назар аудара отырып, әйелдерді өмірдің барлық салаларына тең қатысуын белсенді түрде ынталандыру: әйелдер көшбасшылығын нығайту және олардың қоғамға қатысуын кеңейту; әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою; әйелдерді бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін шешуге тарту; әйелдердің экономикадағы мүмкіндіктерін кеңейту; ұлттық дамуды жоспарлау мен бюджеттеуде гендерлік теңдіктің орталық рөлін қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру жүйесінде гендерлік теңдікті ілгерілету жөніндегі жұмысты үйлестіру.

      Гендерлік теңдік бұрышының салтанатты ашылу рәсімі  лента  қию рәсімімен басталды.   Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай алғы сөзін сөйлеп,  игі  іс-шараның  маңызын, іс-шараға  қатысушыларды  таныстырды.  Ашылу  салтанатына   «БҰҰ Әйелдер» ұйымының Қазақстандағы өкілі Мария Доценко, «БҰҰ Әйелдер» ұйымының Қазақстандағы ұлттық кеңесшісі, елші, Мадина Жарбусынова, АҚШ консулдығының қоғамдық дипломатия қызметкері Карисса Лэндес сөз сөйлеп,  құттықтау  тілектерін білдірді. 

      Іс-шараның ресми бөлімінен кейін қонақтары мен академиялық және студенттік қауымдастығының қатысуымен пікірталас өтіп, оны БҰҰ Әйелдер ұйымының коммуникациялар және адвокатура жөніндегі сарапшысы Динара Құсаин жүргізді.

      Қонақтар тізімінде БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, «Қазақстанның тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорының президенті, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Сараптамалық кеңесінің мүшесі Маргарита Өскембаева, «Бәрімен бәрі де жақсы. Зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас дағдылары: Экологиялық және тиімді қарым-қатынас жасауды үйрену» кітабының авторы, жаттықтырушы/тәлімгер (Erickson International Canada); Латина Сатарова, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ғылым секторының меңгерушісі Қағазбекова Салтанат,сондай-ақ USAID өкілдері болды.  Сонымен қатар, «I know gender» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

      Жоба аясында «БҰҰ Әйелдер» ұйымы Университет кітапханасына гендерлік теңдік және гендерлік зерттеулер бойынша кітаптар мен ақпараттық материалдар сыйға тартылды. Бұл «БҰҰ-әйелдер» ұйымының Қазақстан университеттерімен бірлесіп, гендерлік теңдік бұрышын ашуға бастамашы болып отырған бірінші жобасы. Алдағы уақытта мұндай бұрыштарды еліміздің басқа да жоғары оқу орындарында ашу жоспарлануда.

      Бөлісу: