Менеджмент және құқық негіздері
-
Кафедра тарихы
Кафедра Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2004 жылдың 28 тамызындағы №168 бұйрығымен “Құқық және экономикалық теория” атауымен құрылды. Алғашқыда кафедра 5В011500 – “Құқық және экономика негіздері” мамандығы бойынша кадрлар дайындау үшін және университеттің барлық мамандықтарына “Құқық негіздері” мен “Экономикалық теория негіздері” пәндерін өткізу үшін ашылды. 2005-2006 оқу жылынан бастап кафедра 5В051000 – “Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығы бойынша кадрларды дайындай бастады.
2009-2010 оқу жылының басында кафедраға 5В050700 – Менеджмент мамандығын беруге байланысты университеттің 2009 жылдың 25 тамызындағы №29 бұйрығына сәйкес кафедра атауы “Құқық және басқару негіздері” болып өзгертілді.
2020-2021 оқу жылында университеттің Ғылыми Кеңестің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 09 шешіміне сәйкес “Экономика және бизнес” және “Құқық және басқару негіздері” кафедралары бірігіп “Менеджмент және құқық негіздері” кафедрасы деп ауыстырылды.
Қазіргі уақытта кафедрасы Өнер және менеджмент институтының құрамында бола отырып, келесі төрт білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар дайындығын жүзеге асырумен айналысады:
- 6В01405 – "Құқық және экономика негіздері”;
- 6В04101 – “Экономика”
- 6В04104 – “Есеп және аудит”
- 6В04103 – "Мемлекеттік және жергілікті басқару”;
Сонымен бірге жалпы университет бойынша барлық мамандықтарда "Экономика және кәсіпкерлік негіздері" "Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері" пәнінен дәріс береді.
Білім беру бағдарламалары