БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНЫЛУЫ
-
14 маусым, 2024
Qyzpu-да Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен "Білім берудегі жасанды интеллект: негіздері және практикалық қолданылуы" бағдарламасы бойынша университет оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.
Бағдарлама жаттықтырушылары: Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының жас ғалымдары постдокторант, аға оқытушы Тазабекова Парасат Қадырқұлқызы және жаратылыстану ғылымдарының магистрі, оқытушы Базарбаева Айнұр Маратқызы.
Жазғы мектептің мақсаты: білім беру процесі мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру мақсатында жасанды интеллект технологияларын қолдану дағдыларын қалыптастыру, білім беру технологияларына инновациялық көзқарасты ынталандыру, сондай-ақ жасанды интеллект қолданудың этикалық аспектілерін түсіну.
Жазғы мектепке университеттің барлық институттарынан 100-ден астам оқытушылар қатысты, олар этикалық мәселелер мен жасанды интеллект мәселелерін, промт жазу ережелерін, мәтіндерді құру және редакциялау құралдарын, викториналар мен тест сұрақтарын жасау үшін жасанды интеллект құралдарын, интерактивті деректерді визуализация мен құралдарды жасауға арналған жасанды интеллект құралдарын, зерттеулер жүргізуге және ғылыми мәтіндер жазуға арналған жасанды интеллект құралдарын игерді. Білім беру курсына институттың барлық оқытушылары белсенді қатысты. Курс соңында қатысушылар білім беру және ғылыми контексте жасанды интеллект қолдану бойынша өздерінің қорытынды жобаларын ұсынды.
Бөлісу: