Тұлғалық ерекшеліктерді қалыптастыру және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті



    • Тұлғалық ерекшеліктерді қалыптастыру және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті

      Менталды денсаулықты дамыту орталығының психотерапевті, психология ғылымдарының докторы, профессор, психоневропатолог Каримова Раушан Бейдалиқызы университетіміздің 1-2 курс студенттерімен кездесу өткізді.

      Раушан Бейдалиқызы қыз балалардың жан-жақты қабілетін ашу, жан дүниесін тану, болашақ өмірге қыз баланың психологиялық дайындығы, психология және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері, зорлық-зомбылық механизмдерін жақсырақ түсінуге және оның алдын алу әдістерін әзірлеуге кемектесетін терең зерттеулері мен тәжірибелерімен бөлісті.

                                                     

      Студенттерге зиянды әдеттерден аулақ болып, өздерін отбасылық өмірге дайындау туралы ақпараттар айтылды. Отбасылық өмірге қадам басу, өзіңді тану, жақсы көру сынды тұлғалық ерекшеліктерді қалыптастыра отырып өз-өзіңді дамытуға арналған әдістермен таныстырды.

      Студенттер кері байланыс жасап, ой-пікірлерімен бөлісіп, көкейдегі сұрақтарына нақты жауап алды. Кездесу соңында, алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.

      Бөлісу: