Аналар сөзі – тәрбие көзі



    • Аналар сөзі – тәрбие көзі

      Аналар күніне орай Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен университет студенттері "Қазақ аналары - дәстүрге жол" бірлестігінің ханымдарымен кездесті.

      Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – ана. Оның қадірі мен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Алғаш көзіңді ашқан кезде бауырына басып, бүтінін беріп жартысын алған, барын беріп жоғына қанағат танытқан – ана. Оның алақаны тікеннің өзін жұмсартып, асаудың өзін жуасытар құдіретке ие.

      Отан отбасынан басталады десек, оның негізгі тірегі ата-ана болса, балалар сол отбасында көрген-түйгенін жалғастыратын,  келешектің кепіліндей. Осы үшеуі мықты болса, Отанның мықты болатынын  жан-жақты рухани байлық, асыл қасиеттермен, тұшымды түсіндірген салиқалы аналардың салмақты өсиеттері келешекке керемет ұмтылыс, бағдарлы бағыт берді.

      Емен-жарқын әңгімелесу барысында студенттер өз сауалдарына лайықты жауаптарын да алды.

      Әзиз аналарымыз жасай берсін!

      Бөлісу: