6В01904 — Арнайы педагогика
-
СипаттамаБағдарлама паспортыҚұжаттар тізіміУНИВЕРСИТЕТТІҢ КӨЗҚАРАСЫ, МИССИЯСЫ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТЫ, ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ, ТҮЛЕК АТРИБУТТАРЫ
Көзқарасы: Жылдам өзгеріп жатқан әлемде басқару қабілеті бар педагогтарды дамытатын интеллектуалды платформа.
Миссиясы: Ел мен әлем игілігі үшін білім беру саласында озық білім мен құндылықтарды қалыптастыра, дамыта және тарата алатын көшбасшы мұғалімдерді даярлау.
Бағдарламалық мақсаты: Университет Орталық Азияда оқыту, білім беру және зерттеу саласындағы инновациялық әдістердің, сондай-ақ ауылдық білім беруді дамытудың хабына айналуға ұмтылады.
Құндылықтары: Тұтастық, өз ісіне адалдық, айналадағыларға қамқорлық.
Университет түлегінің атрибуттары:
- Өзін-өзі оқытуға қабілетті, рефлексия жасай алатын және өз тәжірибесін зерттей алатын;
- Моральдық-этикалық қасиеттерге ие және жауапты;
- Терең пәндік, цифрлық білімге және кең интеллектуалдық дүниетанымға ие;
- Креативті және сыни ойлайтын, ынтымақтастық пен коммуникацияға қабілетті;
- Оқыту мен білім беруде көшбасшылықты тәжірибеде қолданатын және жылдам өзгеретін жағдайларға бейімделе алатын;
- Әртүрлілікті, инклюзивтілікті және қоғамдағы мүмкіндіктер теңдігін қолдайтын түлектер.
Білім беру бағдарламасының түрі
Жаңа
Білім беру бағдарламасының атауы
6В01904 – Арнайы педагогика
Білім беру бағдарламасының саласы
6B01 – Педагогикалық ғылымдар
Дайындау бағыты
6В019 Арнайы педагогика
Білім беру бағдарламаларының тобы
В020 Арнайы педагогика