6В01302 — Бастауыш білім беру IP

  • 6В01302 — Бастауыш білім беру IP
    Университет коды: 025
    6В01302 — Бастауыш білім беру IP
    ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНА ӨТУ
    Сипаттама
    Бағдарлама паспорты
    Құжаттар тізімі

    Білім беру бағдарламасының мақсаты: Заманауи педагогикалық және әдістемелік тәсілдер негізінде бастауыш мектеп білім алушыларын оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыра алатын, цифрлық және білім беру технологияларын, пәнаралық және тілдік оқыту тәсілдерін тиімді қолданатын, дамытушы және инклюзивті білім беру ортасын құра алатын, сондай-ақ білім алушылардың академиялық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға қабілетті жоғары білікті бастауыш білім беру мұғалімдерін даярлау.

    Бағдары: Тез өзгеретін әлемде басқаруға қабілетті педагогтарды дамытатын зияткерлік платформа.

    Миссиясы:Білім беру саласында еліміздің және әлемнің игілігі үшін озық білім мен құндылықтарды жасай, дамыта және тарата алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.

    Бағдарламалық мақсаты:Университет Орталық Азиядағы білім саласындағы оқытудың, оқудың және зерттеудің инновациялық әдістерінің, сондай-ақ ауыл мектептеріндегі білім беруді дамытудың хабына айналуды мақсат етеді.

    Құндылықтары:Толық адам тұлғасы, өз ісіне адалдық және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік.

    Білім беру бағдарламасының түрі: Жаңа

    Білім беру бағдарламасының атауы: 6B01304- Бастауыш білім беру ағылшын тілінде

    Білім беру саласы: 6В01 Педагогикалық ғылымдар

    Даярлау бағыты: 6В013 – Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау

    Білім беру бағдарламасының тобы: 6В013 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі