Рысқұлбеков Д.Ж

    • +1 Фото

    • Жоба тақырыбының атауы: Этномәдени бірліктердің жасанды интеллект жүйесінде берілуі: тілдік ауытқулар және оны жүйелеу

      Жобаның мақсаты – машиналық аударма мен түсіндіруде қиындықтар туғызатын этномәдени бірліктерді (фразеологизмдер,  лингвокультуремалар, лексикалық және паремиологиялық бірліктер, метафоралар) анықтау және жүйелеу. Бұл мәдени-спецификалық ақпаратты чатбот, машиналық аударма сияқты жасанды интеллект жүйелері арқылы жеткізілетін ақпараттардың сапасын арттырып, тілдік ауытқуларды азайтуға көмектеседі. Бұл жұмыстың мақсаты қазақ тіліндегі  этномәдени мәні бар бірліктерді орыс, ағылшын тіліне тәржімалайтын аударама сөздігін түзу мен нақты тілдік деректер негізінде эрротологияның теориялық базасын толықтыру және этномәдени бірліктердің үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) баламасын әзірлеу болып табылады.

      Күтілетін нәтижелер: Жоба нәтижелерін ғылыми зерттеулер, білім беру мен экономика салаларында кеңінен қолдануға болады. Жоба тіл білімі, этнография, мәдениеттану және жасанды интеллект салаларындағы пәнаралық зерттеулерге жол ашады. Жобаның сәтті жүзеге асуы қазақ тілін ана тілі, шет тілі ретінде оқыту әдістемесіне оң ықпал етеді. Қазақ тілін үйренушілерге лексикадағы күрделі этномәдени бірліктердің тура аудармасын, оның мәнмәтіндегі қолданысын білу арқылы қазақ тілін меңгеру жеңілдейді. Этномәдени бірліктердің сапалы аударылуы әртүрлі брендтердің жергілікті нарықтарға бейімделуіне, маркетингтік стратегияларды оңтайлы қолдануға, мәдениетаралық коммуникацияны нығайтуға жағдай жасайды. Қазақ халқының материалдық, рухани құндылықтары мен мәдени мұраларын халықаралық деңгейде таныту мен насихаттау ісіне де пайдасын тигізеді. Ал тілдегі ауытқуларды өңдеу мен талдауда  жасанды интеллект технологияларын қолдану Қазақстанның технологиялық шешімдер саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жоба нәтижелерін ақпарат кеңістігіндегі қазақ тілінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда қолдануға болады. Қазақ тіліндегі ақпараттық деректер мен әдебиет, музыка, кинематография туындыларын шеттілдерге, шеттілді туындыарды қазақ тіліне тіл табиғатын, этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып аударатын бағдарламалар, модельдер жасауда пайдалануға болады. Бастысы, этномәдени мәні бар бірліктерді орыс, ағылшын тіліне тәржімалайтын аударама сөздігін түзу мен нақты тілдік деректер негізінде эрротологияның теориялық базасын толықтыру және этномәдени бірліктердің үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) баламасын әзірлеу қазақ тілінің лингвистикалық әлеуеті мен қолданыс аясының кеңеюіне оң ықпал етеді. Этномәдени бірліктердің дұрыс қолданысын және нақты тілдік сәйкестіктерін ұсыну тілді қолдануға қатысты әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесіп, қазақ тілінің мемлекеттік тіл деңгейінде қолданылу функциясын жақсартады. Жоба нәтижесінде әзірленген электронды сөздік, метабелгіленім, мақалалар мен өзге де материалдар тіл мамандары мен аудармашы мамандардың кәсіби құралына айналып, жалпы қазақ тілін қолданушылардың оқу және жазу сауаттылығын қалыптастыруға және арттыруға септігін тигізіп, лингвоэкологиялық зерттеулерге негіз болады.