Калекешов Аскар
-
-
-
Тақырыбы: Мектеп оқушыларының психо-физиологиялық денсаулығы мен үлгерім деңгейіне әкімшілік уақыт пен әлеуметтік фактор әсерін салыстырмалы түрде зерттеу
Реферат: Қазақстан Республикасының аумағы іс жүзінде төрт түрлі географиялық уақыт белдеуінде орналасқан (UTC+6, UTC+5, UTC+4, UTC+3). Бірақ еліміздегі уақыт Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен реттелетіндіктен [3], екі сағаттық белдеу уақыты қолданылады — UTC+5 және UTC+6. Осылайша, 5-ші уақыт белдеуінде UTC+6, ал UTC+4-ші уақыт белдеуінде Қостанай облысын қоспағанда UTC+5 уақыты қолданылады. Егер географиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, онда Қостанай облысында әкімшілік уақыт астрономиялық уақыттан екі сағатқа алға қарай жүріп отыр. Іс жүзінде 4-ші сағаттық белдеуге жататын барлық облыстар 5-ші сағаттық белдеуде болған кезде тек қана Қостанай облысы тыс қалып отырғаны белгілі. Қостанай облысындағы әкімшілік уақыттың географиялық уақыт белдеуінен екі сағатқа алда болуы мектепке ерте баратын оқушылар үшін қолайсыздық тудыратыны сөзсіз. Қостанаймен бір географиялық белдеуде орналасқан Қызылорда облысы 2018 жылы жергілікті қоғам белсенділерінің арқасында өз географиялық уақытына (UTC+5) жақындаған еді.
Осыған орай, Қостанай облысының тұрғындары бірнеше жылдан бері әкімшілік уақыт белдеуін ауыстыру мәселесін бұқаралық ақпарат көздерінде көтеріп келеді. Сонымен қатар өз географиялық белдеуінен ауытқу жағдайында адам организмінде бірқатар өзгерістер орын алып, денсаулығына нұқсан келетіні белгілі. Әсіресе жасөспірімдердің психофизилогиялық жағдайы алаңдататыны сөзсіз. Қазіргі уақытта әлеуметтік уақыттың географиялық уақыттан озық жүруі Қостанай облысымен қатар Қазақстанның батыс аймақтарында орын алып отыр. Атап айтсақ Атырау, Ақтау, Орал облыстарының батысқа қарай орналасқан аудандарының тұрғындары үшін айырмашылық әсері бар деп ойлаймыз. Мысалы шекаралас Ресейдің елді мекендері UTC+3 сағаттық белдеуін қолданса, Атырау, Орал облысының шекара елді мекендерінде UTC+5 уақыты қолданылады. Соңғы кезде әлеуметтік шиеленістердің орын алуы, адамдар арасындағы қарым қатынастың нашарлауы, мектеп оқушыларының үлгерім көрсеткіштерінің төмендеуі, суицизм жағдайларының артуы жоғарыда айтылған облыстарда айтарлықтай жиі кездесуде, әсіресе жасөспірімдер арасында [4-9].
Қазақстан территориясында уақыт белдеуін қолдану бойынша Үкіметтік жұмыс тобының отырыстарында да бірнеше рет зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныстар болған еді. Бұл мәселе астрономия, география, биология және медицина салаларының тоғысында екенін ескерсек, тұрғындар денсаулығын соның ішінде жастардың болашағын қамтамасыз етуде, әртүрлі созылмалы аурулардың алдын-алуда маңызды деп ойлаймыз.
Осы тұрғыда табиғи уақыт белдеуі дұрыс қолданылмай отырған елді мекен тұрғындарының, соның ішінде мектеп оқушыларының денсаулық деңгейін терең зерттеу еліміз үшін өзекті мәселелердің бірі деп есептейміз.
Мақсаты: Атырау, Қостанай облыстарындағы орта мектептердің жоғары сынып оқушыларының психо-физиологиялық жағдайы мен оқу үдерісіндегі көрсеткіштеріне күн режимінің, сабақ кестесі мен жүктемесінің және әкімшілік уақыт факторларының әсерін, созылмалы десинхроз нәтижесін салыстырмалы түрде зерттей отырып, әкімшілік уақыт факторларының жағымсыз әсері анықталған жағдайда оларды төмендетуге ұсыныс жасау
Тапсырмалар:
1) Қазақстанның Атырау облысындағы орта мектептерде білім алатын жоғары сынып оқушыларының денсаулық көрсеткіштеріне, сабақ үлгерімі мен психо-физиологиялық жағдайына, жасөспірімдердің білім сапасы мен күйзеліс деңгейіне күн режимінің, сабақ кестесі мен жүктемесінің және әкімшілік уақыт әсерін анықтау, тыныс алу жүйесі мен жүрек-қан тамырлары (жүрек ритмінің вариабельділігі) жүйесі қызметтеріндегі өзгерістерді зерттеп, салыстырмалы түрде баға беру және әкімшілік уақытқа қатысты жағымсыз факторлардың әсері анықталған жағдайда оларды төмендету жолдарын ұсыну; Қазақстан аймақтарындағы географиялық уақыт пен әкімшілік уақыттың сейкес келмеуіне, әлеуметтік факторларға байланысты орын алатын жасөспірімдер денсаулығына қатысты тәуекелдерді талдау;
2) Қазақстанның Қостанай облысындағы орта мектептерінде білім алатын оқушылардың денсаулық көрсеткіштеріне, сабақ үлгерімі мен психо-физиологиялық жағдайына, жасөспірімдердің білім сапасы мен күйзеліс деңгейіне күн режимінің, сабақ кестесі мен жүктемесінің және әкімшілік уақыт әсерін анықтау, тыныс алу жүйесі мен жүрек-қан тамырлары (жүрек ритмінің вариабельділігі) жүйесі қызметтеріндегі өзгерістерді зерттеп, салыстырмалы түрде баға беру және географиялық уақыт пен әкімшілік уақыттың сейкес келмеуіне, әлеуметтік факторларға байланысты орын алатын жасөспірімдер денсаулығына қатысты тәуекелдерді талдау;
3) Атырау және Қостанай облыстарымен салыстыру мақсатында, Шығыс Қазақстан облысы орта мектептерінде білім алатын жоғары сынып оқушыларының денсаулық көрсеткіштеріне, сабақ үлгерімі мен психо-физиологиялық жағдайына, жасөспірімдердің білім сапасы мен күйзеліс деңгейіне күн режимінің, сабақ кестесі мен жүктемесінің және әкімшілік уақыт әсерін анықтау, тыныс алу жүйесі мен жүрек-қан тамырлары (жүрек ритмінің вариабельділігі) жүйесі қызметтеріндегі өзгерістерді зерттеп, салыстырмалы түрде баға беру және географиялық уақыт пен әкімшілік уақыттың сәйкестілігі нәтижесіндегі жасөспірімдер денсаулығына байланысты зерттеу деректерін саралау.
Технологияның дайындық деңгейі ТДД: 3-7
Ғылыми техникалық қызмет түрі– қолданбалы зерттеу
Қысқаша атауы - оқушылардың психо-физиологиялық жағдайы мен оқу үдерісіндегі көрсеткіштеріне әкімшілік уақыт факторларының әсерін, созылмалы десинхроз нәтижесін салыстырмалы түрде зерттеу.
ТДД негізгі көрсеткіштерінің сипаттамасы - әкімшілік уақыт факторларының жағымсыз әсері анықталған жағдайда оларды төмендетуге ұсыныс жасау..
Ғылыми және ғылыми-техникалық нәтиже - ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша қорытынды ғылыми-техникалық есеп.
Өнімділік тізімі:
1) патенттер алуға берілетін өтінімдердің саны: - пайдалы модельге 1 патент;
2) алынатын патенттердің саны: - пайдалы модельге 1 патент
3) Ноу-хау. Өтінім беру кезіндегі жобаның технологиялық дайындығы балалардың денсаулық деңгейін, психофизиологиялық жағдайын зерттеуде инвазиялық емес әдіс-тәсілдер, заманауи психологиялық, физиологиялық және медициналық құрал-жабдықтар мен бағдарламалық қамсыздандырулар қолданылуымен сипатталады. Жобаны аяқтау кезеңіндегі әзірлемелердің технологиялық деңгейі халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде еліміздегі балалар мен жасөспірімдер организмін зерттеуде жоғары технологиялық әдіс-тәсілдерді енгізумен көрініс береді. Жобаны іске асыру нәтижесінде жоғары сынып оқушыларының денсаулық көрсеткіштеріне, сабақ үлгерімі мен психо-физиологиялық жағдайына, жасөспірімдердің білім сапасы мен күйзеліс деңгейіне әкімшілік уақыт әсері анықталады, оларға салыстырмалы түрде баға беріледі және әкімшілік уақытқа қатысты жағымсыз факторлардың әсері анықталған жағдайда оларды төмендету бойынша ұсыныстар жасалады.Күтілетін нәтижелер:
- Science Citation Index Expanded индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша 50 (елу) кем емес процентилі бар жобаның ғылыми бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 3 (үш) мақала және (немесе) шолу);
- кемінде өнертабысқа 1 патент (ол бойынша оң шешімді қосқанда);
- немесе Science Citation Index Expanded индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 50 (елу) процентилі бар жобаның ғылыми бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу) және Derwent Innovations Index (Web of Science, Clarivate Analytics) дерекқорына кіретін 1 (бір) патент;
- сонымен қатар ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу;
- немесе Science Citation Index Expanded индекстелетін және Web of Science базасында импакт-фактор квартилі 1 (бірінші) және (не) 2 (екінші) кіретін және (немесе) CiteScore бойынша Scopus базасында кемінде 65 (алпыс бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екінші) және (немесе) шолу;
- сонымен қатар ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу;
- немесе Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) не 2 (екінші) квартильге кіретін және (немесе) CiteScore бойынша Scopus базасында кемінде 65 (алпыс бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу және Derwent Innovations Index (Web of Science, Clarivate Analytics) дерекқорына кіретін кемінде 1 (бір) патент;
- сонымен қатар ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу;
- немесе Science Citation Index Expanded индекстелетін және Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) квартильге кіретін және (немесе) CiteScore бойынша Scopus базасында кемінде 80 (сексен) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 1 (бір) шолу және (немесе) мақала;
- кемінде өнертабысқа 1 патент (ол бойынша оң шешімді қосқанда).
2) шетелдік және қазақстандық баспалар кітаптарында монографияларды, кітаптарды және кітаптардағы тарауларды жариялау қарастырылады;
3) шетелдік патенттік бюродан, қазақстандық немесе еуразиялық патенттік бюродан патенттер алу мүмкіндігі бар;
4) ғылыми-техникалық, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу бойынша енгізу актісі қарастырылмаған;
5) әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қоғамдастықтары және мемлекеттік ұйымдар арасында жұмыс нәтижелерін тарату жүзеге асырылады;
6) конкурстық құжаттаманың талаптарына және жобаның ерекшеліктеріне сәйкес басқа да өлшенетін нәтижелер. Бөлімде:
-күтілетін нәтижелердің қолданылу саласы және тұтынушылары жеке тұлғалар, білім беру ұйымдары, мемлекеттік басқару ұйымдары;
-жобаны іске асыру барысында алынған жаңа деректер әкімшілік уақытты қолдану бойынша және оның жасөспірімдердың психо-физиологиялық саулығына әсері бағытындағы зерттеулерге зор үлес қосатыны сөзсіз;
-алынған ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың мүмкіндігі жоқ;
-зерттеу нәтижесінің ерекшелігі сонда, Қазақстанның Атырау және Қостанай облыстарындағы орта мектептердің жоғары сынып оқушыларының психо-физиологиялық жағдайы мен оқу үдерісіндегі көрсеткіштеріне әкімшілік уақыт факторларының әсері, созылмалы десинхроз нәтижесінің денсаулыққа деген салдары салыстырмалы түрде зерттеледі. Атырау, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары аймағындағы әкімшілік уақыт факторларының әсері салыстырмалы айқындалады;
-қазіргі таңда өзекті болып отырған Қазақстанның Атырау және Қостанай облыстарындағы орта мектептерде білім алатын жоғары сынып оқушыларының денсаулық көрсеткіштеріне, сабақ үлгерімі мен психо-физиологиялық жағдайына, жасөспірімдердің білім сапасы мен күйзеліс деңгейіне әкімшілік уақыт әсері анықталады, тыныс алу жүйесі мен жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметтеріндегі өзгерістер зерттеліп, салыстырмалы түрде баға беріледі және әкімшілік уақытқа қатысты жағымсыз факторлардың әсері анықталған жағдайда оларды төмендету бойынша ұсыныстар жасалады; Табиғи уақыт пен әкімшілік уақыттың сәйкес келмеуі нәтижесіндегі зерттеу деректері сараланады.
-