Бапаева Мариям Курмангалиевна
-
-
-
Тақырыбы: Өзіндік рефлексия отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда ата-аналардың психологиялық мәдениетін қалыптастырудың құралы ретінде
Өзектілігі: Бүгінгі таңда отбасылық зорлық-зомбылық жеке отбасының мәселесінен күрделі әлеуметтік проблемаға айналды. Оның алдын алу үшін ата-аналардың тәрбие үдерісіне саналы түрде қарауын, яғни «өзіндік рефлексиясын» дамыту және психологиялық мәдениетін көтеру аса маңызды.
Мақсаты: Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ата-аналардың өзіндік рефлексиясын анықтау және психологиялық мәдениетін арттыру арқылы заманауи ата-ана бағдарламасын әзірлеп, оның тиімділігін тәжірибелік-экспериментте тексеру.
Зерттеу әдіснамасы: Зерттеу аясында «Отбасындағы ерлі-зайыптылардың эмоциялық күйі мен зорлық-зомбылық қатынасы» атты авторлық сауалнама әзірленіп, сынақтан өткізілді. Қазақстанның барлық өңірлерінде авторлық сауалнама жүргізіліп, отбасылық қатынастардың диагностикасы жасалып психологтарға арналған халықаралық әдістемелер (PARI т.б.) қазақ тіліне бейімделді.
Негізгі нәтижелер мен ғылыми өнім: «Өзіндік рефлексия мен психологиялық мәдениетті дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты оқу-әдістемелік құралы мен «Жаңа қадам, жаңа әдіс, жаңа тәсіл» жұмыс дәптері әзірленді. Ата-аналардың психологиялық сауаттылығын ашуға арналған «Дағдарыс жағдайындағы әйелдердің тұлғалық ерекшеліктерінің динамикасы» түзету бағдарламасы құрастырылды. «Заманауи ата-аналармен жұмыс жасау технологиясы» бағдарламасы әзірленіп, мамандар арасында дөңгелек үстел мен форум өткізілді.
Ата-аналар мен жасөспірімдерге арналған, 1500 адам қамтылған семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Дағдарысты отбасыларға арналған Университет аумағындағы Психологиялық кеңес беру кабинеті іске қосылды. 100 шақты ата-анаға арналған бір реттік кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Жоба нәтижелері отбасылық тәрбиедегі ересектердің құзыреттілігін арттыруға, зорлық-зомбылықтың алдын алудың жаңа технологияларын енгізуге және қоғамдағы психологиялық сауаттылықты нығайтуға бағытталған.
«Өзіндік рефлексия» – бұл ата-ананың өз қателігін мойындау емес, сол қателікті түзетуге деген күші мен мәдениеті. Жобаның соңғы нәтижесі – зорлық-зомбылықтан арылған, саналы әрі бақытты қазақстандық отбасылардың санын арттыру.
Толық ақпарат пен ресурстар: selfreflection.kz
-