Құрметті студенттер! Назар аударыңыз!



    • Құрметті студенттер! Назар аударыңыз!

      Діни экстремистер жастарды әлеуметтік желілер мен танысу сайттары арқылы белсенді түрде тартатын жағдайлар тіркелді. 

      Олар сізді манипуляциялау және өз қызметіне тарту үшін кезкелген қол жетімді құралдарды пайдалана алады. Өзіңізді қорғауға көмектесетін нұсқаулар:

      Сақ болыңыз. Егер желідегі біреу діни немесе саясимәселелер бойынша Сіздің жеке пікіріңізгешамадан тыс қызығушылық таныта бастаса, бұлқауіптің алғашқы белгісі болуы мүмкін.

      Ақпаратты тексеріңіз. Егер сізге дінге, саясатқақатысты топтарға немесе қауымдастықтарғақосылу ұсынылса, олардың беделі мен тарихынтексеріңіз. Жаңа немесе бейтаныс топтарға ерекшесақ болыңыз.

      Бейтаныс адамдарға сенбеңіз. Ғаламторда сөйлескенде барлық адамның жақсы ниетте болмайтынын ұмытпаңыз. Егер сізге жеке сұрақтар қоя бастаса немесе күмән тудыратын әрекеттерге шақыра бастаса, қарым-қатынасты тоқтатып, пайдаланушыны бұғаттаңыз.

      Қысымға қарсы тұрыңыз. Экстремистер көбінесе кінә немесе міндет сезімін тудыру арқылы психологиялық қысым жасайды. 

      Көмек сұраңыз. Егер сізге қысым жасалып жатқанын немесе экстремистік әрекетке қатысуға итермелеп жатқанын сезсеңіз, ата-аналардан, оқытушылардан немесе Құқық қорғау органдарынан көмек сұраңыз.

      Өзіңізді және жақындарыңызды виртуалды кеңістіктен туындауы мүмкін қауіптерден қорғаңыз. Сақ болыңыз!

       

      Бөлісу: