«Парасат мектебі» кабинеті ашылды



    • «Парасат мектебі» кабинеті ашылды

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында Қыздар университетінде «Парасат мектебі» кабинеті ашылды. Сондай-ақ оқу орнында «Саналы ұрпақ» клубы құрылған. Оған мүшелікке өткен студенттердің саны 4 мыңды құрайды.

      Білім алушылар арасында «Парасыз сессия», «Таза сессия», «Адал жол», акциялары тұрақты ұйымдастырылып, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбындағы семинарлар өтеді.

      Сонымен қатар университеттің тәрбие, оқу және ғылым үдерісінде әдептілік қағидаларын сақтау басты назарға алынған. Бұл тұрғыда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты пән оқу бағдарламасына енгізілген. Аталған пән студенттердің саналы түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға ықпал етеді.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

       

      Бөлісу: