Педагогикалық білім беруді трансформациялау жұмысы басталды
-
06 қазан, 2020
Қыздар университеті педагогикалық білім беруді трансформациялау жұмысын қолға алды. Басты мақсат – оқу орнын еліміздің педагогика саласында академиялық көшбасшы ретінде қалыптастыру.
Осыған орай университеттің факультеттерін жоғары мектептерге айналдырудың жаңа моделі кезең-кезеңмен енгізілмек. Биылғы оқу жылында эксперименттік алаң ретінде Педагогика және психология мен Физика-математика факультеттері алынды.
Трансформациялау процесі барысында академиялық және басқарушылық дербестік берілді, білім бағдарламаларының контенті қайта өңделді және 7 негізгі трек енгізілді. Алдағы уақытта көшбасшы бағдарламалар институты қалыптасады, жаңа білім беру өнімдері ұсынылады және студенттік өзін-өзі басқару кеңейтіледі. Сондай-ақ педагогиканың ұлттық моделін қалыптастыру үшін зерттеу кластерлері анықталып, таланттарды басқару қолға алынады.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Бөлісу: