Ташкент қаласында өткен Орталық Азияның халықаралық білім беру форумы (CAIEF 2026) аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова Түркияның Хасан Калионджу университетінің ректоры Гүл Ренгин Күчүкердоғанмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

                                                               

Келісім академиялық ұтқырлықты дамытуға, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының алмасуын ұйымдастыруға, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға және ғылыми жарияланымдар әзірлеуге бағытталған.

                                                               

Сонымен қатар инклюзивті білім беру мен арнайы педагогика саласындағы тәжірибе алмасу, озық халықаралық оқыту әдістемелерін енгізу және білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелеріне басымдық беріледі.

Бейбіткүл Кәрімова Түркияның жетекші жоғары оқу орындарының бірімен серіктестік орнатудың халықаралық академиялық байланыстарды нығайтып, білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандар даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.