Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Директорлар кеңесінің шешімімен Жекенов Думан Құрманғазыұлы оқу орнының Басқарма мүшесі – Әлеуметтік даму және студенттік істер жөніндегі проректор лауазымына тағайындалды.

Думан Құрманғазыұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тарих» мамандығы бойынша білім алған. Магистр, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша PhD докторы.

                                             

2015–2026 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекші маманы, Академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы, Халықаралық қатынастар факультеті деканының ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, сондай-ақ Халықаралық қатынастар факультетінің деканы қызметтерін атқарды.

2026 жылдың наурыз айынан бастап Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Басқарма Төрағасы – Ректордың кеңесшісі қызметін атқарды.

Білім беру саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар.