Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне  оқу ғимараты берілді



    • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне  оқу ғимараты берілді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне 1986 жылдан бері алғаш рет Алматы қаласының орталығынан оқу корпусы берілді. Жаңалық 80 жылдық мерейтой қарсаңында QyzPU ұжымы үшін тарихи оқиға болды.

      Аталған жобаны басынан аяғына дейін QyzPU Директорлар кеңесінің төрағасы Омархан Нұртайұлы Өксікбаев жүргізді және университеттің жарғылық капиталын ұлғайтуға белсенді атсалысты. Омархан Нұртайұлының айтуынша, Университеттің білім беру инфрақұрылымын кеңейту студенттердің оқу жағдайын, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрам жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Студенттердің көпшілігі – еліміздің шалғай аймақтарынан келген қыздар.

                                                  

      Университет ректоры Гүлмира Әмірханқызы Қанай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына педагогтер ұстаханасына айналған QyzPU-ға білдірген сенімі мен қолдауы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне, Саясат Нұрбекұлына еліміздегі жоғары білім мен ғылымды жүйелі түрде қолдағаны үшін, Омархан Нұртайұлы Өксікбаевқа, Тамара Қасымқызы Дүйсеноваға және университеттің Директорлар кеңесінің барлық мүшесіне белсенді түрде көмек  көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

      Мемлекет тарапынан берілген оқу ғимаратының ауданы – 12 000 шаршы метрден асады.

      Атап өтейік, Ұлттық университет 1944 жылы құрылған, қазіргі таңда құрылымында 5 институт, 24 кафедра бар, 8600 студент оқиды.

      Бөлісу: