QyzPU Массачусетс технологиялық институты (MIT) жанындағы Fab Foundation және Bits and Atoms зертханасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды



    • QyzPU Массачусетс технологиялық институты (MIT) жанындағы Fab Foundation және Bits and Atoms зертханасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

      АҚШ университеттеріне ресми сапары аясында QyzPU делегациясы Массачусетс технологиялық институтының (MIT) зертханаларына барып, мектеп білімін дамытуға бағытталған зертханалармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

      Атап айтқанда, Bits and Atoms, Open Learning, Lifelong Kindergarten және Teaching System Lab сияқты зертханалармен кездесулер өткізілді. Бұл зертханалар мектеп оқушыларының білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге, мұғалімдердің кәсіби түрде дамуына, цифрлық даму, шығармашылық ойлау, STEAM білім беру, балалардың ерте дамуы және жасанды интеллектті қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

                                                   

      Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай Массачусетс технологиялық институты (MIT)  жанындағы Fab Foundation және Bits and Atoms зертханасымен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті: "Әлем өте тез өзгеруде. Біз болашақ мұғалімдерге беретін білім мен құзыреттілік мектептердің талаптарына сәйкес келуі және бірнеше жыл бойы алда болуы керек. Қазіргі уақытта еліміздің көптеген мектептерінде робототехника және цифрлық өндірістік зертханалар бағыттары қарқынды дамып келеді. Бұл педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын өзгертуді талап етеді. Әлемде осындай 2700-ден астам мектеп зертханалары жұмыс істейді. Осы зертханалармен меморандумға қол қою біздің Университетке өзінің цифрлық өндірістік зертханасын құруға мүмкіндік береді. Онда әртүрлі бағыттағы студент-мұғалімдер мен практик-мұғалімдер оқыту дағдыларын дамыта алады және сыныптағы педагогикалық мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды әзірлей алады"

                                                                                 

      Материалдық-техникалық базаны жаңарту аясында QyzPU 40-тан астам әдістемелік кабинеттерді, цифрлық және ғылыми зертханаларды іске қосуды жоспарлап отыр.

      Бөлісу: