Бакуде ХІ Түркі әлемін зерттеу симпозиумы өтті



    • Бакуде ХІ Түркі әлемін зерттеу симпозиумы өтті

      Бакуде ХІ Түркі әлемін зерттеу симпозиумы өтті. Іс-шараны Баку Еуразия университеті Түркияның Нийде Омер Халисдемир университетімен және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен бірлесіп ұйымдастырды.

      Ашылу салтанатында Баку Еуразия университетінің ректоры, профессор Назим Гусейнли қатысушыларды құттықтап, басты тақырыбы «Түркі әлемінің және Түркітілдес мемлекеттер ұйымының 2040 жылға арналған мақсаттары» болып табылатын симпозиум жұмысына табыс тіледі.

                                                

      QyzPU шарада сөйлеген сөзінде Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Закир Джумакулов симпозиум бауырлас елдердің мәдени-рухани жақындасуына өлшеусіз үлес қосатынын атап өтті. Симпозиум аясында дәстүрлі ұйымдастырылып жүрген «Түбі бір түркіміз» фестивалі бауырлас мемлекеттер достығының нығаюы мен қарым-қатынасының артуына, жастарымызға түркілік мұраны сезіндіруге бағытталған маңызы зор іс-шара. Жүргізіп жатқан зерттеулеріміздің түркі әлемінің келешегіне өлшеусіз мұра қалдыратынына сенімдіміз», – деді проректор.

                                                                                

      Түркі әлемін зерттеу жөніндегі халықаралық симпозиумның мақсаты – тіл, әдебиет, тарих, философия, ғылым, білім, мәдениет, экономика, халықаралық қатынастар және басқа да салалардағы өзекті мәселелерді талқылау үшін түркі әлемінің ғалымдары мен зиялыларын біріктіру.

      Сондай-ақ қатысушылар жаңа ғылыми зерттеулердің тақырыптарын талқылады, бірлескен жобалардың бағыттары бойынша идеялармен алмасты. Шетелдік жоғары оқу орындарының басшылары симпозиум түркі халықтары арасындағы жаңа тәсілдерді, бірлескен зерттеулер мен өзара ынтымақтастықты арттыратынын атап өтті.

      Бөлісу: