Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті жаһандық Times Higher Education Impact Rankings 2024 рейтингіне енді



    • Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті жаһандық Times Higher Education Impact Rankings 2024 рейтингіне енді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жаһандық Times Higher Education Impact Rankings 2024 рейтингіне енді!

      Бұл жетістік – университетте жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулердің деңгейі жоғары екенін және оның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) негізделгенінің дәлелі. 

      QyzPU Times Higher Education Impact Rankings рейтингіне екінші жыл қатарынан еніп отыр. Биыл әлемнің 1963 университеті арасында 1501+ орында. Университет тұрақты дамудың барлық 17 мақсатына жету үшін белсенді түрде жұмыс істейді, бұл рейтингке ену үшін маңызды фактор болып табылады.

      Сондай-ақ QyzPU-да Тұрақты дамудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметі жүргізілуде.

      Бөлісу: