PhD докторы Сафа Челебиді марапаттау: білім берудегі Түркия мен Қазақстан ынтымақтастығын нығайту



    • PhD докторы Сафа Челебиді марапаттау: білім берудегі Түркия мен Қазақстан ынтымақтастығын нығайту

      Самсун Ондокуз Майыс университетінің доценті, PhD  Сафа Челеби Алматы қаласындағы Түркия Республикасы Бас консулдығы,  білім атташесі тарапынан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне 2021 жылдың ақпан айынан бастап, Түрік тілі мен әдебиеті маманы ретінде тағайындалды.  

      Осы уақыттан бастап, PhD  Сафа Челеби Филология институтының, шетел тілдерін оқыту әдістемесі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасында табысты жұмыс атқарды. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Самсун Ондокуз Майыс университеті арасындағы екіжақты ынтымақтастық жұмыстарын, атап айтар болсақ, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы студенттерінің академиялық ұтқырлық бағдарламасын табысты жүргізуге еңбек сіңірді.

      Университетіміз тарапынан ұйымдастырылған  ғылыми іс-шараларға, конференциялар мен симпозиумдарға белсене қатысып, ғылыми мақалар ұсынып, баяндамалар жасады. Бауырлас мемлекеттер Қазақстан мен Түркияның достығын арттыру мақсатында студенттерге Түркияның тарихы мен мәдениеті, тұрғысынан қызықты ақпараттар берумен қатар, түрік тілінде еркін сөйлеуге үйретті.  

      PhD  Сафа Челебидің Ондокуз Майыс университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда, болашақ педагог мамандарды дайындауға қосқан орасан зор еңбегін ескере отырып, Басқарма төрағасы - Ректор Гүлмира Қанай университетіміздің  80 жылдық мерейтойына арналған арнайы төсбелгімен марапаттап, алғысын білдірді.

      Бөлісу: