Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржы сарапшысы Брасилов Жандос Рахметуллаевич студенттер мен қызметкерлер арасында қаржылық сауаттылық бойынша бір апталық оқыту курсын өтті.

Жобаның негізгі мақсаты - халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. 

Бүгінде 6,3 миллионға жуық қазақстандықтың банктік несиелері өтелмеген. Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын тұрғындардың қарызының өсуін арттырады.

Жобаның мақсатты топтары:

  • несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрғандар;
  • ағымдағы несиелері бар және олар бойынша кешіктірулері болуы мүмкін адамдар;
  • мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын, жеңілдетілген несиелер алып, кәсіп бастағысы келетіндер.

Оқытудың мақсаты

  • Жеке және отбасылық бюджетті құрастыра білу, тауарлық несиесіз тауарлар мен қызметтерді алу мүмкіндігін, несие мен қарыздың тұзағына түспеу жолдарын талдай білу.
  • Несие нарығын талдап, дұрыс және тиімді шешім қабылдау үшін несиелеу шарттарын түсіне білу.
  • Қаржылық инвестиция құралдары мен жалған компаниялардың алаяқтық әрекеттерін ажырата білу.
  • Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімінде өз құқықтарын қалай қорғау керектігін білу.
  • Бизнес-жобалардың табыстылығын анықтау үшін қаржылық есептер жасау, қаржылық тәуекелдерді талдау, қаржылық «қауіпсіздік жастықшасын» қалыптастыру.

Ең бастысы, олар отбасының әл-ауқатын арттыруға қажетті қаржылық сауаттылық саласындағы құзыреттерді арттырады. Курсқа университеттің 40-қа жуық қызметкерлері мен студенттері қатысып, аяқталған соң курс өткендігін растайтын арнайы сертификаттар берілді. Сондай-ақ, қаржы сарапшылары мен заңгердің жеке кеңесі жүргізілді.