QYZPU мен Techno Women меморандумға қол қойды



    • QYZPU мен Techno Women меморандумға қол қойды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай мен Techno Women коммерциялық емес ұйымының президенті Азиза Шужеева технология саласында үлкен жетістіктерге жеткісі келетін студент қыздарды қолдау мақсатында меморандумға қол қойды.

                                                        

      Меморандумға қол қою рәсіміне математика докторы Айнұр Рысқан, Techno Women стартабының негізін қалаушы, Techno Women көшбасшысы Ғалия Уәли, Techno Women көшбасшысы, «Шарт24» серіктесінің негізін қалаушы Елена Седых сынды озық ойлы көптеген көшбасшы әйелдер қатысып, сөз сөйледі. Осылайша шараға қатысушылар технология саласына қызығып жүрген студент қыздарға күш-жігер беріп қана қоймай, әрі қарай ізденуіне шабыт сыйлады.

                                                                                 

      Techno Women – IT, digital, telecom, media, Fintech, Edutech, Healthtech, Biotech, Ecotech, Nanotech, Robotics сияқты түрлі технологиялық салаларда жұмыс істейтін әйелдерді біріктіретін коммерциялық емес ұйым. Олар қыздарды STEM пәндеріне, бағдарламалауға, робототехникаға үйретіп, технология саласында ғылыми қызметпен айналысуына мүмкіндіктер береді.  

      Осы меморандум аясында алдағы уақытта әйелдердің жеке және кәсіби өсуін арттыруға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірленіп, іске асады деп күтілуде.

                                                                  

       

      Бөлісу: