«Жалғыз емессің» деректі фильмінің тұсаукесері
-
20 сәуір, 2023
2023 жылдың 19 сәуірінде әлеуметтік және гендерлік зерттеулер орталығы, БҰҰ Әйелдер ұйымының қолдауымен, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Жалғыз емессің» деректі фильмінің тұсаукесерін ұйымдастырылды.
«Жалғыз Емессің» – Дәулет Ислямов түсірген және Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен БҰҰ Әйелдер ұйымымен және Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Spotlight аймақтық бағдарламасымен бірлесіп, Тринити продюсерлік орталығы түсірген қазақстандық деректі фильм. Сериал тоғыз эпизодтан тұрады және тұрмыстық зорлық-зомбылықты көрген, қиын өмірлік жағдайлардан шыққан адамдардың шынайы оқиғаларын бейнелейді. Докудрама актерлердің қатысуымен бірге, фактілер мен ұсыныстар беретін сарапшылардың жұмысын біріктіреді. Фильм жақында ұлттық медиа платформасында жарық көреді.
«Жалғыз Емессің» сериялының мақсаты – гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және кемсітушілік тудыратын гендерлік стереотиптерге, нормалар мен сенімдерге қарсы тұру жолдары туралы хабардарлықты арттыру. Фильм гендерлік зорлық-зомбылық құрбандарының мүмкіндіктерін кеңейтеді және Қазақстанда гендерлік зорлық-зомбылықты жоюға шақырады. Сонымен қатар, фильм гендерлік зорлық-зомбылық жөніндегі GEF әрекет коалициясының және Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған аймақтық Spotligh бағдарламасының гендерлік зорлық-зомбылық туралы негізгі хабарламаларын ұсынады.
Іс-шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанай, «БҰҰ-Әйелдер» Қазақстандағы өкілі Мария Доценконың, «БҰҰ-Әйелдер» ұйымының коммуникация және адвокатура жөніндегі сарапшысы Динара Құсаинның құттықтау сөзімен басталды. Шараға түрлі ұйымдардан келген мамандар мен қонақтар да қатысты.
Бөлісу: