«Білім берудегі менеджмент» курсының ашық дәрісі



    • «Білім берудегі менеджмент» курсының ашық дәрісі

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті», Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының  ұйымдастыруымен магистратура және докторантура студенттеріне арналған «Білім берудегі менеджмент» курсының ашық дәрісі өтті.

      Университет Ректоры Гүлмира Қанай курсқа қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, курсты сәтті аяқтап  шығуларына тілектестік  білдіріп,  шығармашылық табыс тіледі. Сонымен   қатар қазіргі замандағы көшбасшылық қасиеттерді дамытудың маңыздылығы мен сұранысын атап өтті.

      Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жанар Рысбекова қатысушыларға нәтижелі және қызықты жұмыс тілей отырып, болашақта білім беру ұйымының басшысы ретінде табысты жұмыс істеу үшін білім алудың маңыздылығына тоқталды.

      Курстың лекторы – бизнес-тренер, тұлғалық өсу бойынша коуч, @softskillqazaqstan негізін қалаушы Ботагөз Ғабдуллина.

      Курс білім беру ұйымдарын басқарудың теориясы мен практикасы саласында жұмсақ дағдыларды қалыптастыруға және кеңейтуге бағытталған.

      Курсты сәтті аяқтау нәтижесінде студенттер өздерінің көшбасшылық әлеуетін сәтті жүзеге асыруға, жалпы және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында басқару тиімділігін арттыруға, сондай-ақ Университеттің жас дарындарының кадрлық резервіне енуге мүмкіндік алады.

      Бөлісу: