Sadykova Roza Karimovna
-
-
-
Тақырыбы: Инклюзивті сыныптарда ағылшын тілін оқыту мен үйренуде сараланған сандық білім беру мазмұнын әзірлеу
Аннотация: Жоба Қазақстанның инклюзивті сыныптарында ағылшын тілін оқытуда сараланған оқыту (СО) әдісі бойынша сандық мазмұн әзірлеуге бағытталған, мұндағы басты қиындықтар мұғалімдердің жеткіліксіз дайындық деңгейі мен цифрлық ресурстар қолданысының шектеулі болуы негіз болып табылады. Жоба шетел тілін оқытатын мұғалімдердің сараланған оқытуға деген көзқарасы мен әсіресе арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасау жағдайында оны қолдану тәжірибесін зерттеуге бағытталған. Сондай-ақ, бұл зерттеу цифрлық құралдардың оқушылардың жеке қажеттіліктеріне қарай оқытуды қалай жақсарта алатынын зерттейді. Зерттеу барысында сараланған оқытудың оқушылардың оқуға деген қызығушылығына әсері, тілдік дағдыны дамытудағы цифрлық мазмұнның тиімділігі және мұғалімдердің осы үдерісте кездесетін кедергілері туралы негізгі мәселелері қарастырылады. Жоба ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында білім беру теориясын, арнайы білім беру мен цифрлық педагогиканы қамтиды. Жобаның басты міндеттеріне халықаралық тәжірибені талдау, цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу, білім алмасу үшін халықаралық конференциялар ұйымдастыру және тағылымдан өту кіреді. Жобаның практикалық нәтижелері әдістемелік нұсқаулықтар, мұғалімдерге арналған оқыту бағдарламалары, қосымша мен инклюзивті сыныптарда сараланған оқытуды қолдауға арналған цифрлық контентті әзірлеуді қамтиды. Зерттеудің нәтижесі халықаралық журналдарда жарияланады, бұл жобаның ұлттық және жаһандық білім беру саласына қосатын үлесін арттырады. Цифрлық құралдарды қолдана отырып, сараланған оқытуды біріктіру арқылы жоба Қазақстандағы білім беруді жаңғыртуды, мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыруды және инклюзивті сынып жағдайында шетел тілін оқытуда инновациялық оқыту әдістерін әзірлеуді көздейді.
Жобаның ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы сараланған оқыту, цифрлық мазмұнның шетел тілін оқытуда инклюзивті сыныптарға арнап бірегей түрде үйлестірілуінде жатыр. Бұл жобаның бұрынғы зерттеулерден айырмашылығы, осы элементтерді біріктіріп, бейімделген және жеке оқыту ортасын құруға мүмкіндік береді. Цифрлық технологияларды пайдалану арқылы жоба ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін қолжетімділікті арттырады, оларға білім алуда тең мүмкіндіктер жасайды. Жоба инклюзивті білім берудегі маңызды қажеттіліктерді толықтырып, арнайы құралдар мен әдістемелерді әзірлеу арқылы Қазақстандағы білім беру сапасын арттыруға үлес қосады. Бұл кешенді тәсіл инклюзивті педагогиканы теориялық және практикалық түсінуді ілгерілете отырып, оқытудың әмбебап дизайнының (ОӘД) прецедентін құрайды. Жоба инклюзивті сыныптарда цифрлық мазмұн арқылы сараланған оқытуды қолдануды зерттеу мақсатында эксперимент жұмысын жүргізу зерттеу базасы боп саналатын Алматы қаласындағы орта мектептер мен гимназияларды қамтиды. Зерттеу ағылшын тілін оқытуда оқушылардың тілдік дағдыларын арттырудағы сараланған оқытудың тиімділігін сапалы және сандық әдістерді – сауалнамалар, алдын ала және кейінгі тесттер, сондай-ақ бақылауларды қолдана отырып зерттейді. Эксперимент барысында квази-эксперименттік дизайн дәстүрлі оқыту әдістерін сараланған оқытуға бағытталған әдістермен салыстырады және әртүрлі оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыруда цифрлық құралдардың рөлін анықтайды. Этика тұрғысынан мәліметтерді қорғау, хабардар ету келісімін алу және инклюзивті тәжірибені қамтамасыз ету сияқты маңызды мәселелер қарастырылады. Жоба ОӘД теориясына негізделген. Ұсынылып отырған зерттеу инклюзивті ортада шетел тілін саралап оқытуға арналған цифрлық платформаны әзірлеуді мақсат етеді. Бейімделген және интерактивті мазмұнды қамтитын бұл платформа орта мектептің ағылшын тілі мұғалімдері мен оқушыларының қызығушылығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Жоба мектеп мұғалімдерін оқыту, семинарлар мен пилоттық бағдарламаларды қамтиды, нәтижесінде тиімді іске асыруды қамтамасыз етеді. Технологиялық шектеулер, мұғалімдердің дайындығының жеткіліксіз болуы, оқушылардың мотивациясының төмендігі және бағалаудағы дәлсіздіктер сияқты ықтимал кедергілер қарастырылған. Күтілетін нәтижелерге академиялық жарияланымдар, ұйымдастырылатын халықаралық конференция, арнайы веб-сайт және әдістемелік ресурстар кіреді. Статистикалық талдау платформаның (ұсынылып отырған цифрлық білім беру мазмұнының) оқушылардың қызығушылығы мен оқуына әсерін бағалап, кәсіби дамуға және білім беру тәжірибесін жақсартуға ықпал етеді.
Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және ғылыми-техникалық дамуына маңызды әсер етеді, себебі олар инклюзивті ортада шетел тілін оқыту сапасын жақсартуды көздейді. Жобаның нәтижелеріне мұғалімдерге арналған цифрлық платформаларды, әдістемелік құралдарды және оқыту бағдарламаларын әзірлеу кіреді, бұл бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Бұл шешімдер мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттырып, тілдік білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
Мақсаты: Жоба инклюзивті сыныптарда ағылшын тілін оқыту мен үйренуде сараланған сандық білім беру мазмұнын әзірлеу кезінде 7-сынып оқушылары мен ағылшын тілі мұғалімдерінің қабылдаулары мен қиындықтарын зерттеуге бағытталған. Жобада 4 зерттеу сұрағын қарастырады.
Міндеттері:
1. Саралап оқыту әдісі бойынша ғылыми еңбектерді талдау: Бұл міндетті іске асыру нәтижесіндешетелдік және отандық ғалымдардың инклюзивті білім беру саласындағы еңбектері зерттеледі. Алынған мәліметтерге сүйене отырып, инклюзивті сыныптарда саралап оқыту бойынша әдеби шолу жасалады. Алынатын нәтиже формасы: жобаның сайтында жарияланған зерттеудің аралық нәтижесі.
2. Халықаралық тәжірибені зерттеу: Бұл міндетті іске асыру нәтижесінде инклюзивті сыныптарда саралап оқытуды цифрлық білім беру мазмұны негізінде интеграциялау тәжірибесі зерттеледі. Жоба орындаушылары Ulster университетінде тағылымдамадан өтіп, шетелдік сарапшылардың қатысуымен ғылыми-әдістемелік конференция өткізеді. Алынатын нәтиже формасы — ғылыми-әдістемелік материалдар жинағы мен тағылымдама бойынша есеп.
3. Бейімделген әдістемені әзірлеу: Бұл міндетті іске асыру нәтижесінде цифрлық білім беру мазмұнын қолданып, инклюзивті сыныптарда ағылшын тілін саралап оқытуға арналған әдістемелік курс әзірленеді. Алынатын нәтиже формасы: «Mastering Differentiated Instruction» атты әдістемелік курс.
4. Әдістемелік курсты апробациялау: Бұл міндетті іске асыру нәтижесінде әдістемелік курс апробациядан өтіп, оның нәтижелілігі бағаланады. Қажетті түзетулер енгізілген соң, бұл курс білім беру бағдарламалары реестріне енгізіледі және ҒЖБССҚК ұсынған журналда мақала жарияланады. Алынатын нәтиже формалары:әдістемелік курс, авторлық құқық және мақала.
5. Цифрлық мазмұнды әзірлеу: Бұл міндетті іске асыру нәтижесінде инклюзивті оқыту жағдайында 7-сыныптарға арналған ағылшын тілі бағдарламасында қолданылатын цифрлық мазмұн әзірленеді. Зерттеу тобы мүшелері Анадолу университетінде тағылымдамадан өтіп, цифрлық мазмұн құрастыру тәжірибесін жетілдіреді.Алынатын нәтиже формасы: 7-сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі оқу бағдарламасы, тағылымдама өту бойынша есеп.
6. Біліктілікті арттыру курстарын өткізу: Бұл міндетті іске асыру нәтижесінде инклюзивті сыныптарда ағылшын тілін цифрлық мазмұн арқылы саралап оқыту бойынша мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстары өткізіледі. Алынатын нәтиже формасы: біліктілік арттыру курсына қатысқан орта мектеп мұғалімдерінің кері байланысы, курс өткізу бойынша жоба сайтында жарияланған есеп.
7. Сайт пен қосымша әзірлеу: Бұл міндетті іске асыру нәтижесінде «Differentiating foreign language teaching and learning through digital content in an inclusive classroom» атты сайт жасалып,мұғалімдер үшін әзірленген әдістемелік нұсқаулық және қолданба (Apps) құрастырылады.Алынатын нәтиже формасы: сайтқа енгізілген цифрлық білім беру мазмұны және қолданба (Apps).
8. Эксперимент жүргізу: Бұл міндетті іске асыру нәтижесінде жобаға қатысатын мектептерде сандық және сапалық зерттеулер жүргізіледі. Бұл тәжірибелер ғылыми-теориялық тұжырымдар негізінде этикалық мәселелерді ескере отырып іске асырылады. Алынатын нәтиже формасы:Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ «Хабаршы» журналындағы жарияланым.
9. Халықаралық тәжірибе алмасу және нәтижелерді жалпылау: Бұл міндетті іске асыру нәтижесінде жоба орындаушылары Мичиган Мемлекеттік Университетінде тағылымдама өтіп, зерттеу нәтижелерін өңдеп талдайды. Алынатын нәтиже формасы: Скопус және Web of Science базасына енетін журналда жарияланған 1 мақалаAP26102527
Күнтізбелік жоспардың бөлімі: №1.
Саралап оқыту әдісі бойынша ғылыми еңбектерді талдау.
Шетелдік және отандық ғалымдардың инклюзивті білім беру саласындағы еңбектері зерттелетін болады. Инклюзивті сыныптарда саралап оқыту бойынша отандық және шетелдік әдеби шолу жасалады. Жобаның сайтында зерттеудің аралық нәтижесін жариялау.
шілде – 15 қарашаға дейін
Күнтізбелік жоспарға сәйкес шетелдік және отандық ғалымдардың инклюзивті білім беру саласындағы еңбектері зерттеліп, инклюзивті сыныптарда саралап оқыту бойынша отандық және шетелдік әдеби шолу жасалынды. Жобаның сайтында зерттеудің аралық нәтижесі жарияланды.
Ғылыми нәтижелері жоба аясында өткізілген халықаралық конференцияның жинақ материалдарында жарық көрді:
- Садықова Р.К. мен Ерсултанова Г.Т. (2025). Қазақстандағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім берудің даму перспективалары. Инклюзивті білім беру және тілдерді саралап оқытудағы сандық технологиялар: зерттеулер мен тәжірибелер атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция (бб. 24–33).
- Zadakhanova, A. A., & Shirimbaeva, E. A. (2025). Еxploring how Еnglish language pre-school teachers conceptualize differentiated instruction. Инклюзивті білім беру және тілдерді саралап оқытудағы сандық технологиялар: зерттеулер мен тәжірибелер атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция (pp. 89–94).
- Saurukova, G. I., & Janserkeeva, E. N. (2025). Аdaptive artificial intelligence for personalized learning in inclusive Еnglish language classrooms in Kazakhstan: A scoping review. In Инклюзивті білім беру және тілдерді саралап оқытудағы сандық технологиялар: зерттеулер мен тәжірибелер атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция (pp. 170–175).
Жобаның сайтында зерттеудің аралық нәтижесі жарияланды. Растаушы құжаттар келесі сілтемемен қолжетімді:
Күнтізбелік жоспардың бөлімі: №2.
Зерттеу сұрағы 1, 2 бойынша ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған деректер жинау зерттеу құралдары әзірленеді.
Зерттеу тобы ағылшын тілі мұғалімдеріне тарату үшін сауалнамалар, ақпараттық хаттар, келісім нысандары және жартылай құрылымдалған сұхбат/фокус-топ сұрақтарын әзірлейді. Бұл тапсырмалар шетелдік серіктеспен бірлесе отырып орындалады. Зерттеу дизайны жасау.
шілде – 15 қарашаға дейін
Күнтізбелік жоспарға сәйкес жобаның зерттеу сұрақтары бойынша 1-2 деректерді жинау және зерттеу құралдары әзірлененді. Зерттеу тобы ағылшын тілі мұғалімдеріне тарату үшін сауалнамалар, ақпараттық хаттар, келісім нысандары және жартылай құрылымдалған сұхбат/фокус-топ сұрақтарын әзірледі. Бұл тапсырмалар шетелдік коллаборатормен бірлесе отырып орындалды. Зерттеу дизайны жасалды.
Ғылыми нәтижелер:
Жобаның 1-2 зерттеу сұрақтары бойынша деректерді жинау және зерттеу құралдары әзірлеу бойынша сауалнама сұрақтары ҚазҰҚПУ-де ғылыми этика комитетінде талқыланып, бірауыздан қолданысқа ұсынылды. Растаушы құжаттар келесі сілтемемен қолжетімді:
https://drive.google.com/file/d/1RaElDG7IMUoOwqhPe-z7nmtVk2IOTdXp/view?usp=sharing
Шетелдік коллаборатормен бірлесе отырып сауалнамалар, ақпараттық хаттар, келісім нысандары және жартылай құрылымдалған сұхбат/фокус-топ сұрақтары әзірленіп, зерттеу дизайны жасалды. Растаушы құжаттар келесі сілтемемен қолжетімді:
https://drive.google.com/drive/folders/1yZJwQxQ4-ATC94qnNbXROOI2eAdXgod3
Мақала
-