Құрметті профессор-оқытушылар және студенттер!

QyzPU-да Йылдыз техникалық университеті, Химия кафедрасының профессоры Бахадир Кескін «Наноматериалдар: қолданылуы мен қасиеттері» тақырыбында ғылыми дәріс өткізеді.

Жаратылыстану факультеті, Химия кафедрасы ұйымдастыратын дәріс барысында наноматериалдардың заманауи ғылым мен технологиядағы қолданылуы, қасиеттері және өзекті ғылыми зерттеу бағыттары туралы ақпараттар ұсынылады.

Күні: 3 қыркүйек, 2026 жыл

Уақыты: 12:00

Мекенжайы: Гоголь көшесі,114, АКТ зал