Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Fulbright Foreign Language Teaching Assistant (FLTA) бағдарламасына 2027–2028 оқу жылына арналған өтінімдерді қабылдау басталды.
Fulbright FLTA – АҚШ колледждері мен университеттерінде орыс тілін оқытуға қолдау көрсетуге бағытталған, академиялық дәреже бермейтін тоғыз айлық бағдарлама. Бағдарлама ағылшын тілі мұғалімдеріне және сабақтас салалардағы мамандарға кәсіби дағдыларын жетілдіруге, ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға және АҚШ қоғамы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама аясында қатысушылар АҚШ университетінде немесе колледжінде орыс тілін оқытып, сөйлеу клубтарына, сабақтан тыс іс-шараларға және қоғамдық жобаларға қатысады.
Бағдарламаның артықшылықтары
- ай сайынғы шәкіртақы;
- жол жүруге қаржылық қолдау;
- медициналық сақтандыру;
- қабылдаушы университеттегі міндетті оқу курстары бойынша оқу ақысынан босату.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
- Қазақстан Республикасының азаматы болуы және Қазақстанда тұруы;
- ағылшын тілі мұғалімі болуы немесе ағылшын тілі мұғалімі болуға дайындықтан өтуі;
- 2027 жылғы шілдеге дейін АҚШ бакалавр дәрежесіне тең білімге ие болуы;
- орыс тілін ана тілі деңгейінде және ағылшын тілін еркін меңгеруі;
- педагогикалық тәжірибесі 7 жылдан аспауы тиіс.
Бағдарлама еңбек жолын енді бастаған, 7 жылдан аспайтын педагогикалық тәжірибесі бар ағылшын тілі мұғалімдеріне немесе сабақтас салалардағы мамандарға арналған.
Ағылшын тілін білу деңгейі TOEFL немесе IELTS нәтижелерімен расталады. Сонымен қатар, кандидаттар өтінімді тест нәтижелерінсіз де бере алады. Номинацияланған кандидаттарға тестілеуден тегін өту мүмкіндігі беріледі. GRE және GMAT талап етілмейді.
Қажетті құжаттар
- онлайн өтінім;
- ағылшын тіліндегі 3 ұсыным хат;
- дипломдар мен академиялық транскриптердің нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Маңызды ақпарат
Толық емес өтінімдер қарастырылмайды. Өтінімнің кез келген бөлігінде плагиат немесе жасанды интеллект (AI) көмегімен жасалған мәтін анықталған жағдайда, кандидаттың іріктеу процесіне қатысуы тоқтатылады.
Іріктеу кезінде АҚШ-та жақында болмаған немесе мүлдем бармаған үміткерлерге артықшылық беріледі.
Өтінім беру мерзімі
2026 жылғы 30 тамыз, сағат 12:00 (Астана уақыты бойынша).
Өтінімді мына сілтеме арқылы беруге болады: https://apply.iie.org/flta2027
Бағдарлама бойынша сұрақтар: astanainfo@state.gov
Байланыс тұлғасы
Айдана Нұртаза, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің аға менеджері
E-mail: nurtaza.a@qyzpu.edu.kz
Тел.: +7 775 736 64 68
