Құрметті студенттер!

Сіздерді Қазақстан шахмат федерациясы мен Дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін жылдам (рапид) шахмат турниріне шақырамыз!

Турнирдің мақсаты – университет студенттері арасында шахматты насихаттау және «Шахмат педагогы» minor  бағдарламасын дамыту.

Талаптар: Турнирге тек Казақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бакалавриат студенттері қатыса алады; Қатысушылар оқу орнынан берілген студент статусын растайтын анықтама тапсыруы қажет.

Жеңімпаздарға медальдар, дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталады.

Жүлде қоры: 220 000 тенге

Жүлделер салықтан өтеді және жеңімпаздардың есепшотына аударылады.

Өтінімдер 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады.

Қатысу – тегін!

Қатысушылар саны: 60 адамға дейін.

Толық ақапарт үшін: https://forms.gle/A2CKWvVedhjkQnBx8

Турнирге тіркелу және регламентпен танысу:  https://forms.gle/4wpsPFEptyFcx4jw8

Күні: 3 сәуір 2025 жыл

Уақыты: 10:00

Өтетін орны: Гоголя көшесі, 114, спорт залы.

Сізді қызықты әрі танымды жарыс күтуде!