Құрметті студенттер мен оқытушылар! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Гази университеті Білім факультетінің География бөлімінің профессоры Халил Токжан ғылыми семинар өткізеді.
Семинар тақырыбы: «Қазақстан мен Түркиядағы соңғы 100 жылдағы жер сілкіністері процестерін салыстырмалы талдау»
Семинарда Қазақстан мен Түркия аумағындағы жер сілкіністерінің динамикасы, себеп-салдарлық байланыстары және сейсмикалық белсенділік үлгілері талқыланады. Сонымен қатар, екі елдің геологиялық ерекшеліктері қарастырылып, заманауи зерттеу әдістері негізінде табиғи апаттардың алдын алу, болжау және қауіпсіздік шараларын жетілдіру бойынша ғылыми ұсыныстар ұсынылады.
Өтетін күні: 3 желтоқсан
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Сералы Қаниев атындағы Ғылыми кітапхана, конференц-зал
Баршаңызды қатысуға шақырамыз!
