Құрметті ұстаздар және білім алушылар!

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы академиялық әріптестікті нығайтуға арналған «Мектеп + Университет = Білімдегі Бірлік» атты workshop өткізеді.

Workshop мақсаты – мектеп пен университет арасындағы интеграциялық байланысты күшейту, оқыту сапасын арттыруға бағытталған инновациялық әдістермен тәжірибе алмасу, оқушылардың кәсіби бағдарлануын қолдайтын бірлескен жобаларды талқылау және педагогтар, әдіскерлер, университет оқытушылары мен студенттер арасындағы серіктестік алаңын қалыптастыру.

Қатысушылар: жалпы орта білім беретін мекемелердің басшылары, пән мұғалімдері, университет оқытушылары, студенттер, магистранттар және докторанттар.

Өтетін күні мен уақыты: 27 қараша 2025 ж., сағат 14:00

Өтетін орны: Гоголь көшесі, 114, АКТ залы

Сіздерді күтеміз!