Құрметті QyzPU ұжымы! 21 қараша күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде қала көлеміндегі білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдері мен жоғары оқу орны оқытушыларының басын қосатын қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өтеді. Іс-шара «Мектеп пен жоғары оқу ынтымақтастығы – математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру жолы» тақырыбына арналады.

Семинардың мақсаты – университет арасындағы педагогикалық байланысты нығайту, тәжірибе алмасу алаңын кеңейту, заманауи оқыту әдістемелерін жетілдіру және кәсіби қауымдастықтағы серіктестікті арттыру.

Өтетін күні: 21 қараша 2025 ж.

Уақыты: 11:00–12:00

Өтетін орны: Гоголь көш., 114, 215-конференц-зал

Сіздерді қатысуға шақырамыз!