2020 жылғы 5 – 10 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

 

05.10.2020

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде бастау алған «UstazTalk» жобасы аясындағы екінші кездесу 9 қазан күні сағат 19:00-де өтеді.

06.10.2020

– Былтырдан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындарына берілген академиялық еркіндік аясында Қыздар университеті жұмыс берушілермен белсенді ынтымақтастық орнатты.

***

– Қыздар университеті педагогикалық білім беруді трансформациялау жұмысын қолға алды. Басты мақсат – оқу орнын еліміздің педагогика саласында академиялық көшбасшы ретінде қалыптастыру.

07.10.2020

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің барлық білім беру бағдарламалары тәжірибеге бағытталған.

08.10.2020

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында Қыздар университетінде «Парасат мектебі» кабинеті ашылды. Сондай-ақ оқу орнында «Саналы ұрпақ» клубы құрылған. Оған мүшелікке өткен студенттердің саны 4 мыңды құрайды.

***

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Вакур Сүмермен кездесті.

***

– Бүгінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 15-ке жуық студенттік ұйым бар. Оларға 3 мыңнан астам білім алушы мүше.

09.10.2020

– Биылғы жылдың үшінші тоқсанында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғалымдарының 2 монографиясы жарық көрді.

***

– Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті оқытушыларының ағымдағы жылдың үшінші тоқсанындағы рейтингісі жарияланды.

***

– Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жоғары мектеп пен институттарының ағымдағы жылдың үшінші тоқсанындағы рейтингісі жарияланды.

10.10.2020

– Бүгін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қыздар университетінің 1966 жылғы түлегі Шәмша Беркімбаеваның туған күні.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі